Туктыбаев Адыльбек Таканович

    Директор

    Өмірбаян

    1964 жылғы 19 наурызда Павлодар облысы Ермаков ауданы Майск ауылында дүниеге келген.

    1986 жылы Семей ет-сүт өнеркәсібі технологиялық институтын «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша тәмамдаған, білімі — жоғары.

    Еңбек жолын 1980 жылғы 12 маусымда Семей облысы Бесқарағай ауданының «Семиярский» кеңшарында тракторшы болып бастап, 1982 жылғы 10 қаңтарға дейін жұмыс істеген.

    1990 жылғы 8 қазаннан 1995 жылғы 5 сәуірге дейін Семей қаласындағы ОЦУ СКИФ мекемесінде бухгалтер қызметін атқарған.

    2002 жылғы 9 қаңтардан 2013 жылғы 2 қыркүйекке дейін Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2013 жылғы 3 қыркүйектен 2015 жылғы 16 ақпанға дейін Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту орталығында маман болып жұмыс істеген.

    2015 жылғы 16 ақпаннан 2020 жылғы 13 наурызға дейін Бесқарағай ауданының ішкі саясат бөлімінде маман қызметін атқарған.

    2020 жылғы 16 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Бесқарағай ауданының мемлекеттік архиві» КММ директоры болып қызмет атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері