Оспанова Әлем Игентайқызы

    Директор

    Өмірбаян

    1962 жылғы 26 мамырда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.

    1981-1983 жылдары «товаровед» мамандығы бойынша Семей сауда техникумында білім алған. 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2019 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған, білімі — жоғары.

    Еңбек жолын 1979 жылғы 1 шілдеде Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылындағы ПМК-2211 мекемесіне қарасты «Гранит-79» комсомол жастар бригадасында бастап, 1981 жылғы 11 қыркүйекке дейін жұмыс істеген.

    1983 жылғы 4 шілдеден 1984 жылғы 28 желтоқсанға дейін Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Тұтыну одағында кадр жөніндегі инспектор қызметін атқарған.

    1985 жылғы 18 қаңтардан 1987 жылғы 12 қазанға дейін Семей облысы Абай ауданы Жданов кеңшарында әртүрлі қызметтер атқарған.

    1987 жылғы 13 қазаннан 1990 жылғы 1 шілдеге дейін Семей облысы Абай ауданы М.Әуезов атындағы кеңшарда экономист болып жұмыс істеген.

    1990 жылғы 1 маусымнан 1995 жылғы 29 наурызға дейін Семей облысы Абай ауданы Жданов кеңшарында есепші қызметін атқарған.

    1995 жылғы 30 наурыздан 1996 жылғы 2 сәуірге дейін Семей облысы Абай ауданы Жданов кеңшарында зейнетақы тарату жөніндегі маман болып жұмыс істеген.

    1996 жылғы 15 сәуірден 1997 жылғы 1 шілдеге дейін Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Зейнетақы төлеу орталығында маман қызметін атқарған.

    1997 жылғы 10 шілдеден 1997 жылғы 1 қыркүйекке дейін Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған.

    1997 жылғы 1 қыркүйектен 2010 жылғы 16 тамызға дейін Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

    2010 жылғы 16 тамыздан 2016 жылғы 27 маусымға дейін Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Абай аудандық мәслихатында бас маман қызметін атқарған.

    2016 жылғы 1 шілдеден 2018 жылғы 22 ақпанға дейін Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Қарауыл ауылдық округі әкімінің аппаратында инспектор, архивист болып жұмыс істеген.

    2018 жылғы 22 ақпаннан бастап «Абай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған.

    2023 жылғы 26 қарашадан бастап зейнеткер.

    2025 жылы «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері