
Соловьёва Ирина Анатольевна
Директор
Өмірбаян
1970 жылғы 3 тамызда Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1998 жылы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетін «педагог-психолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006 жылы М. Әуезов атындағы университеттің филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолы:
1999–2018 жылдары – Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде ғылыми қызметкер, кейін ғылыми-экспозициялық бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2018 жылғы тамыздан 2019 жылғы мамырға дейін – музей директорының міндетін атқарушы болды.
2019 жылғы 21 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Семей қаласының Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметін атқарып келеді.
Жетістіктері:
200-ден астам көрмені әзірледі. 2009–2011 жылдары музейдің «Ф.М. Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығы» атты жаңа әдеби экспозициясын жасау жобасының авторы әрі кураторы болды.
Әртүрлі ғылыми жинақтарда жарияланған елуден астам ғылыми және әдістемелік мақаланың авторы. «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский музейіне жолсілтеме» басылымының редакторы әрі құрастырушысы.
2021 жылы Ф.М. Достоевскийдің 200 жылдығына арналған «Ф.М. Достоевскийге – 200 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Ресей Федерациясының мемлекеттік наградасы – А.С. Пушкин медалімен марапатталған.
2026 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен наградталды.
2026 жылғы 17 мамырда «Достоевский жұлдызы» орденімен марапатталды.





