Сабырбаев Қайрат Зекенұлы

    Директор

    Өмірбаян

    Қайрат Зекенұлы Сабырбаев 1965 жылы Аягөз ауданына қарасты Ай ауылында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы универсиетет түлегі.

    1990 жылдары өнер жолын айтыс сахнасында бастап, облыстық, республикалық сөз сайсында еліміздің руханиятын жырға қосып, ұлт рухының асқақтауына өзіндік үнін қосты. Еліміздің бірлігі мен жасампаздығын өлеңмен өрнектеп, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында жыр додасының бел ортасында жүрді. 2000-шы жылдары айтыс сахнасынан Бұқаралық ақпарат құралдары саласына ауысқан Қайрат Зекенұлы қоғам дамуына қалам қуатымен атсалысуды мақсат тұтты. Ақпараттық кеңістіктегі алғашқы қадамын «Семей» телеарнасынан бастап, екі жыл көлемінде тележурналистиканың қыр-сырын меңгерді. 1999-2006 жылдар аралығында «Семей таңы» газетінде өнімді еңбек етті. Бұл жылдарда ол ақпарат дайындау, мақала жазу, сұхбат алу секілді газет шаруашылығына барынша белсене араласты. Нәтижесінде осы басылмының аға тішлісі ретінде облыстық журналистер байқауының лауреаты атанып, ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан награда алды. Семей қаласындағы жергілікті телеарналар мен газеттерде тілші бола жүріп әбден төселген ол Бас редакторлыққа дейін көтерілді. 2007-2012 жылдары аймақтық «Ертіс өңірі» газетінің Бас редакторы болып еңбек етті. Өз кезегінде өнімді қызмет атқарған Қайрат журналистика саласында да көшбасшылық қырымен танылып, лайықты із қалдыра білді. Сол жылдарда Қазақстан Журналистер Одағының мүшелігіне қабылданып, өзекті тақырыптағы өткір мақалалары жоғары бағаланып отырды. Атап айтқанда, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет Грамотасы (2004 ж.) және ШҚО журналистер байқауының 2006 жылғы лауреаты болды. Қайрат Зекенұлының редакторлық кезеңінде «Ертіс өңірі» газеті 2009 жылы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының «Үздік басылым» номинациясын және 2010 жылы ШҚО әкімі атындағы журналистер байқауының жеңімпазы атанды.

    Өңірдің өркендеуі мен қоғам жетістіктерін ақпарат беттерінде үнемі паш етіп келген Қайрат Себырбаев журналистикадағы еңбек жолын Семей қаласы әкімінің және «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының баспасөз-хатшысы қызметтерімен ұштастырды. Бұл кезеңдерде әуемтеттік-экономикалық, саяси мәселелерге қатысты сұрақтардың оң шешім табуына және билік пен қоғам арасындағы байланыстың нығаюына белсенді араласты. Ғаламтордағы қазақ тілді контент белсенділігін ұлғайту мақсатында ашқан «Жерұйық.кз» порталы 2017 жылы қазақ тілді сайттар арасында республикалық «Өткір тіл» номинациясын қанжығалады.

    2018 жылдың екінші жартысынан Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейіне басшылыққа келгеннен бері музей саласының заманауи дамуына қызу араласуда. Қайрат Зекенұлының басшылық кезеңінде бұрынғы Үржар, қазіргі Мақаншы ауданының Қабанбай ауылында және Абай ауданының Ақшоқы елді мекенінде тарихи-өлкетану музейінің бөлімдері ашылды. Сонымен бірге 2022 жылы Ақсуат ауданының Көкжыра ауылында археологиялық зерттеуге негізделген музейдің жаңа филиалы іске қосылды. Оның жеткешілігімен «Семейдің кәсіпорындары мен мекемелері» атты деректемелік кітап шығарылып, қордағы 20 шығарылымнан тұратын 1900 жылдардағы саяси жер аударушылардың жазбалары (СРГО) қазақ тіліне аударылуда. 2019 жылы Тарбағатай тауының 3000 метрлік биіктігіндегі Ақберлі петроглфіне экспедиция ұйымдастырылып, «Тарбағатайдағы таңбалы тастар» атты деректі фильм түсірілді. Шәкәрім, Әлихан Бөкейхан және Торайығыров университеттерінің ғылыми-зертеу орталықтарымен келісім шарттар жасалып, ғылыми-зерттеу бағытында әріптестік байлныс орын алды. Нәтижесінде көне жәдігерлерді зерттеу және реконструкциялау қолға алынып, музей қорындағы бас сүйектердің мерзімдері анықталып, атропологиялық кескіні жасалды.

    Қ.З.Сабырбаевтың бастамасымен жоғары сынып оқушылары арасында «Болашақ өлкетанушы» байқауы қолға алынған. Нәтижесінде, байқаудың Бас жүлдегері Шәкәрім университетінің грантына қол жеткізе алады. Бұл бастама соңғы жылдарда дәстүрлі түрде жалғасын тауып, жыл сайын бір түлектің Грант иегері болуына жол ашты.

    Музей пандемия кезеңінде әлеуметтік желімен жұмыс істеуді бұрынғыдан бетер жетілдіріп, ғаламтордағы аудиториясын анағұрлым кеңейтті. Осы орайда, музейдің Инстаграм аккаунтындағы жазылым саны 6 мыңнан асса, Фейзбук аккауынттағы жазылым саны (подписчик) 11,5 мыңға жетті. ШҚО мәдениет басқармасының 2021 жылдың бірінші тоқсандағы мониторинг көрсеткішінде Семейдің тарихи-өлкетану музейі басқармаға бағынышты мекемелер арасында бірінші орын иеленді. Музей 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ғылыми-техникалық субьектісі ретінде аккридиттеу куәлігіне ие болды

    Сонымен бірге, Қ.Сабырбаев жеке шығармашылығын да, яғни, ақындық өнері де табыссыз емес. «Нартолқын» (2006ж.), «Көз талдырған көкжиек»(2014ж.), «Дүлділдер дүбірі» (2017ж.) жыр жинақтары мен «Аймағының абызы» (2009 ж.) хикаят кітабының авторы. Топтама өлеңдері «Жыр маржаны» Қазақ поэзиясының антологиясына енген. Танымдық, талдау мақалалары республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. «Дүлділдер дүбірі» кітабы 5000 тираждық мемлекеттік тапсырыспен жарық көрді.

    Ол «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Мәдениет саласының үздігі» медалдарының иегері.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері