Стромская Татьяна Александровна

    Директор

    Өмірбаян

    Стромская Татьяна Александровна, 1945 жылғы 12 мамырда Приморье өлкесінің Шкотов ауданында әскери қызметші отбасында дүниеге келді.

    1952 жылы Калининград облысының Чкаловск қаласындағы орта мектепке оқуға түсті. 1959 жылы отбасымыз Кемерово облысының Новокузнецк қаласына тұрақты тұруға көшіп барды. Сол қалада 1962 жылы орта мектепті тәмамдады. 1963 жылы Ленинград қаласындағы КСРО Көркемсурет академиясының И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтының өнертану бөліміне оқуға түсіп, оны 1969 жылы тәмамдады.

    1985 жылдан бүгінгі күнге дейін Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің директоры қызметін атқарып келеді.

    Музейдегі еңбек жолымда Қазақстан Республикасындағы ең іргелі көркемөнер коллекцияларының бірін қалыптастыруға қол жеткізілді. Музей құрылған кезде оның жеке қоры болмаған болса, бүгінде қорында 5000 астам сақтау бірлігі бар.

    Кәсіби өнертанушы ретінде Қазақстанның бейнелеу өнері тарихын зерттеумен айналысамын. Музей құрылған алғашқы күндерден бастап қазақстандық суретшілердің туындыларын қорға жүйелі түрде жинақтау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда музей коллекциясында отандық бейнелеу өнерінің жетекші шеберлерінің 5000-нан астам туындысы сақтаулы.

    Менің жетекшілігіммен музей мәдени мұраны сақтау және дәріптеу саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Музейде 23 көрме залында орналасқан, ғылыми тұрғыдан негізделген тұрақты экспозиция жұмыс істейді. Ол отандық және әлемдік бейнелеу өнерінің негізгі даму кезеңдерін жан-жақты көрсетеді. Сонымен қатар көрме жобалары, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени-ағартушылық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Олардың қатарында дәстүрлі «Музей түні», «Қазақ қолөнері мерекесі», «Музейдегі жазғы кеш» және басқа да мәдени жобалар бар.

    Әкімшілік қызметпен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысамын: зерттеу нәтижелерін жариялап, дәрістер оқимын, экскурсиялар өткіземін, сондай-ақ музей ісі мәселелеріне арналған республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыруға және олардың жұмысына белсенді түрде қатысамын.

    Мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары

    «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (1995).

    Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет белгісі (1995).

    «Құрмет» ордені (2007).

    «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі.

    Ресей Федерациясының Достық ордені (2010).

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2014 жылғы 13 мамыр).

    Қазақстан Республикасының «Парасат» ордені (2022 жылғы 14 қазан).

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері