Қызметкерлер — Абай облысы мәслихатының аппараты

    Абай облысы мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Хазипов Рафаиль Сайтмагруфович
    Төраға м.а.

    Хазипов Рафаиль Сайтмагруфович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты. Абай облысы мәслихатының экономика, қаржы, ТКШ және құрылыс саласын дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. 2026 жылдың 27 тамызынан бастап Абай облысы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы.

    Абай облысы мәслихатыМәслихаттың тұрақты комиссиялары

    Басқа қызметкерлер

    29
    Мұхамедқан Ерхат Сарманұлы
    Аппарат басшысының орынбасары

    Мұхамедқан Ерхат Сарманұлы

    Аппарат басшысының орынбасары

    Мұхамедкан Ерхат Сарманұлы, 1978 жылғы 1 қыркүйекте Семей облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Кузбаев Данияр Жұмағалиұлы
    Мәслихат депутат

    Кузбаев Данияр Жұмағалиұлы

    Депутат маслихата области Абай

    Кузбаев Данияр Жұмағалиұлы,1979 жылы 23 сәуірде Семей облысы, Семей қаласында дүниеге келген.Ұлты қазақ. 1997 жылы Алматы қаласының "Қайнар" университетіне "Құқықтану" мамандығы бойынша оқуға түсті. 2001 жылы "Қайнар" университетін бітірді.

    Карашев Мамырбек Бахтыгазинович
    Қызметкерлер

    Карашев Мамырбек Бахтыгазинович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Карашев Мамырбек Бақтығазыұлы 1969жылы 17 тамызда Семей облысы Үржар ауданы Көлденең (Аксаковка) ауылында дүниеге келген. Көп балалы отбасынан шыққан, жеті ұл қызы бар әулеттің ортаншы баласы. Ұлты-қазақ. 1976-1986 жылдары Көлденең (Аксаковка) ауылындағы орта мектепте білім алды. 1987-1989 жылдар арасында Совет армиясы қатарында әскери борышын атқарды. Білімі – жоғары. Орта-Азиялық Университетінің заң факультетіндежоғары білім алды. Мамандығы-заңгер. 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалінің, 2015 жылы«Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» медалінің иегері болды. 2022 жылы мемлекеттік «Шапағат» медалімен марапатталды. Мамырбек Бақтығазыұлы 2021 жылы праймериз бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Сол жолда абыройлы қызмет атқарып бүгінгі күні жаңа құрылған Абай облысының депутаттығына Үржар ауданы атынан сайланып, облыстың саяси-мәдени дамуы жолында қызмет атқарып жүр. Мамырбек Бақтығазыұлы басқарып отырған «Юбилейный» ЖШС ұжымы республика деңгейіне танымал ірі шаруашылықтардың бірегейі. Аудан экономикасына жоғарғы мөлшерде инвестиция тартып, ауыл шаруашылық саласын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп, шетелдің техникалары мен технологияларын қолданып жұмыс атқарып жатыр. Аталмыш ұжымда бүгінгі күні 100-ден аса әр түрлі ұлттардан (қазақ,орыс, неміс) құрылған жұмысшылар тату-тәтті қызмет атқаруда. Басшылық тарапынан олардың әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөлініп, қайырымдылық көмек көрсетіледі. Жалақысы ай сайын беріліп, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер уақытылы аударылады, сыйақылық төлемдер жасалынады. Патриот азамат кең байтақ Қазақ елінің басқа қалаларына бармай, бүкіл саналы ғұмырын туған ауылының көркеюі мен дамуы жолында тынбай қызмет атқарып жүрген ер. Сондықтан да болар, Мамырбек Бақтығазыұлы туған ауылы Көлденең халқына көмектесуден жалыққан емес. Ауылдың зейнеткерлері мен көп балалы аналары, өзі түлеп ұшқан мектебі мен қасиетті орын мешіт назардан тыс қалған жоқ. Бұлар -жыл сайын біршама адамға меценаттық көмек жасайтын азаматтың көп қайырымдылық істерінің бір бөлігі ғана. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Чегедекова Шолпан Баглановна
    Қызметкерлер

    Чегедекова Шолпан Баглановна

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Чегедекова Шолпан Бағланқызы Шығыс Қазақстан облысы (қазіргі Абай облысы) Семей қаласында дүниеге келді. Тұрмыста, 4 баланың анасы.. 2000 жылдан 2006 жылға дейін дәрігер мамандығы бойынша «Мемлекеттік Семей медицина академиясында»оқыды. 2006 жылдан 2007 жылға дейін «Семей мемлекеттік академиясының» интернатурасын «тері аурулары дәрігері» мамандығымен аяқтады. 2007 жылдан 2008 жылға дейін «Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде», «Есеп және аудит» мамандығын бітірді. 2011 жылдан 2013 жылға дейін «Астана қаласының медицина университетінде», «Денсаулық сақтау ұйымы» дәрежесінде магистратураны тәмәмдәді. 2014 жылдан кәзіргі уақытқа дейін «Семей медицина университетінде», «Денсаулық сақтау ұйымы» мамандығы бойынша докторантураны оқып жатыр. 2021 жылы Семей қаласының естуі нашар балалардың қоғамына қайырымдылық көмектерін көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. 2021 жылы қаңтар айында Қазақстан Республикасының перзидентінің алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылы маусым айында Қазақстан Республикасының перзидентінің алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылы қараша айындаҚазақстан Республикасының перзидентінің алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылы «Nur otan» партиясының төрағасыныңалғыс хатымен марапатталды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының іскер әйелдер қауымдастығының перзидентінің алғыс хатымен марапатталды.

    Майжанов Уалихан Тукенович
    Мәслихат депутат

    Майжанов Уалихан Тукенович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Майжанов Уалихан Төкенұлы 1961 жылы 9 мамырда Семей облысы Новошульба ауданы Буркотово ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Буркотово ауылының орта мектебін бітірген. 1984 жылы Семей мал дәрігерлік институтын бітіріп, зооинженер мамандығын алды. Студенттік жылдары оқуда үздік оқып, қоғамдқ өмірдегі табыстары үшін институт әкімшілігі тарапынан бірнеше мәрте мадақтауға ие болып, кешкісін екі жылдық әлеуметтік ғылымдар факультетін бітірді.

    Мәслихаттың тұрақты комиссиялары
    Касенов Кайырлы Аманкелдиевич
    Қызметкерлер

    Касенов Кайырлы Аманкелдиевич

    Депутат маслихата области Абай

    Қасенов Қайырлы Амангелдиевич1980 жылы 17 қазанда, Семей облысы Ақсуат ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келді. Үйленген, 4 баланың әкесі. Екпін ауылындағы Ысқақ Кабеков атындағы орта мектепті бітірді. 1997 жылдан 2000 жылға дейін педагогика және психология мамандығы бойынша«Семей педагогикалық колледжінде»оқыды. 2000 жылдан 2003 жылға дейін «Семей Мұхтар Әуезов атындағы университетте» педагогика және психология мамандығы бойынша оқыды. 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өндірістік басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталған. 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімінің «Қәсіпкерлік саласындағы жемісті еңбегі үшін» Алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының Алғыс хатын алды. 2018 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 желтоқсанындағы Жарлығымен «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. 2019 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғыс хатымен марапатталды. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2021 жылдан бастап Тарбағатай аудандық маслихат депутаты. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығының саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.

    Аубакиров Азамат Жумаканович
    Қызметкерлер

    Аубакиров Азамат Жумаканович

    Абай облысы мәслихатның депутаты

    Аубакиров Азамат Жумаканович 1982 жылы 26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Новая Шульба (Жаңа Шульбі) ауылында дүниеге келді. Үйленген, 3 баланың әкесі. Жерновка аулында орта мектеп бітірді. 2000 жылдан 2004 жылға дейін заңгер мамандығы бойынша «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде» оқыды.

    Ахметканов Арман Шамаевич
    Қызметкерлер

    Ахметканов Арман Шамаевич

    Абай облысы мәслихатының деутаты

    Ахметқанов Арман Шамайұлы, 1981 жылы 14 қаңтарда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Ақшоқы ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Ақшоқы ауылының орта білім беру мектебінде бірінші сыныпқа барды. 1998 жылы орта білім туралы аттестат алып, сол жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне оқуға түсті, 2002 жылы бейнелеу өнері және сызу мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды. Жетістіктері: 2013 жылы Семей қаласының әкімінен «Үздік дизайнер» диплом, 2015 жылы ҚР Президентінің атынан «Қазақстан Конституциясына 20 жыл мерейтойлық медаль», ШҚО филармониясының директоры Әміре Қашаубаевқа «мәдениетке қосқан үлесі үшін» медалін, 2018 жылы «Рухани жаңғыру « бағдарламасы бойынша» Жомарт жүрек»медалін табыс етті және «жылдың үздік ұйымы» номинациясында 2019 жылы Семей қаласының әкімі«қала алдындағы еңбегі үшін»төсбелгісімен марапатталды. 2022 жылы ҚР Білім министрі А. Аймағамбетовтың алғыс хаты, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты. Отбасылы, қызым мен үш ұлы бар.

    Ахметов Съезбек Рахышевич
    Қызметкерлер

    Ахметов Съезбек Рахышевич

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    1971 жылы ШҚО, Ақсуат ауданында Өйшілік ауылында туып өскен, ұлты қазақ, мамандығы жоғары білім. Қазақстан Республикасының азаматы. Анасы – Кисебаева Нұрғайша 1919ж. туылған, әкесі - Ахметов Рақыш 1927 ж. туылған. 1978ж. Өйшілік ауылының орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1988ж. бітірді. 1997жылы Семей Мемлекеттік медицина академиясын «Стоматология»мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

    Баймуринов Талгат Булатович
    Қызметкерлер

    Баймуринов Талгат Булатович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Талғат Булатұлы Баймуринов 1966 жылы 07 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. Төрт баланы тәрбиелеп отыр. Семей қаласындағы № 2 мектеп-интернатын бітірген. 1981-1985 жылдары Семей геологиялық барлау техникумында "Геология, Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау"мамандығы бойынша оқыды. Бірнеше рет грамоталармен, медальдармен марапатталған. 2022 жылы татар халқының рухани дамуына қосқан үлесі, ұлттық мәдениеттерді өзара байытқаны, халықтар арасындағы достық жолындағы байланыстарды нығайтқаны үшін Дүние жүзілік татар конгресінің алғыс хатымен марапатталды.

    Батырбеков Эрлан Гадлетович
    Қызметкерлер

    Батырбеков Эрлан Гадлетович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы, 1961 жылғы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келді. 1978 жылы Алатау кентіндегі Қазақ КСР Ғылым академиясының Ядролық физика институты жанындағы физика-математика бейініндегі мектепті алтын медальмен бітірдім. 1984 жылы Мәскеу инженерлік-физика институтын, Нобель сыйлығының лауреаты Н.Г. Басовтың кафедрасын бітірді. 1985-1989 жылдары КСРО Ғылым академиясының Лебедев атындағы Физика институтының аспирантурасында сырттай оқыды, 1990 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, 2009 жылы докторлық диссертацияны қорғады. Қазіргі заманғы маркетинг және қаржы (АҚШ Сауда министрлігінің Уортон бизнес мектебі, Вашингтон, Колумбия округі) және бизнесті стратегиялық басқару (Калифорния мемлекеттік университетінің Гарвард Бизнес және экономика мектебі, Калифорния, АҚШ) саласында білім алды. 2016 жылғы қыркүйекте «Физика» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды. Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелдерде жарияланған ядролық энергетика жөніндегі 220-дан астам ғылыми еңбектің, 9 монографияның авторы. 12 өнертабысы бар. Бірнеше мемлекеттік наградалары, соның ішінде «Құрмет» ордені де бар. Үйленген, екі баласы бар.

    Дюсекеева Айгуль Рысбековна
    Қызметкерлер

    Дюсекеева Айгуль Рысбековна

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Дюсекеева Айгүл Рысбекқызы 06.12.1981 жылы Семей облысы, Аягөз қаласында туған. 1999 жылы Аягөз қаласындағы мектеп - лицейды бітірді. 1999-2004 жылдар аралығында жоғарғы білімді Алматы қаласы,Т.Рысқұлов (Нар.Хоз) атындағы мемлекеттік экономикалық университетін қаржы менеджменты мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Жанұялы көп балалы ана.

    Дюсупов Алтай Ахметкалиевич
    Қызметкерлер

    Дюсупов Алтай Ахметкалиевич

    Абай облысы мәслитахының депутаты

    Дюсупов Алтай Ахметкалиевич, 1977 жылы 28 қаңтарда Семей қаласы, Семей облысы, ҚазСРО туды. Ұлты - қазақ. Білімі жоғары Игерген тілдер: қазақ – ана тілім, орыс тілі еркін және ағылшын – IELTS-5.5 балл. 1984 – 1994 жж. Семей қаласының №4 орта мектебінде оқыдым, алтын медальмен бітірді. 1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына емдеу факультетіне түсті, 2000 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын үздік бітірді. Медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрессі бар (2018 ж). Біліктілігі: "Қоғамдық денсаулық сақтау" және "ангио хирургия" мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Жалпы еңбек өтілім - 21 жыл, басшылық қызметтегі еңбек өтілі: 15 жыл Мамандандыру және тағылымда сы : - 2016 жылғы Стратегиялық серіктестік шеңберінде АҚШ, Миссури штаты, Сент-Луис қ. Университетінің Медицина мектебінің ауруханасында шұғыл медицина бойынша курс. - Түркия Республикасы, Анкара қ., Башкент университетінің клиникасында тамырлы хирургия бойынша клиникалық тағылымдама 2018 ж. Ғылыми жобалар, гранттар, ғылыми басшылық: 2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Қорының ғылыми зерттеу грантының иегері, - ҚР БҒМ 2012 – 2014 жылдары құрсақ аортасының инфраренальды аневризмасы мәселелері бойынша грант иегері; - "Көп мүшелі жеткіліксіздіктің дамуы мен ауыр жағдайдағы адам ағзасының орталық веноздық қысымын өлшеу арасындағы табиғи байланыс" жаңалығының авторы, Ресей Федерациясының РҒА ғылыми жаңалықтары мен өнертабыстары авторларының халықаралық академиясының дипломы; - 2015 – 2017 жылдардағы ауыр жағдайларда инфузиялық терапия мәселелері бойынша ҚР БҒМ грантының иегері; Менің басшылығыммен 1 PhD докторлық диссертация, 6 магистрлік диссертация қорғалды. Қазіргі уақытта "Медицина" мамандығы бойынша 2 PhD докторанттың ғылыми жетекшісі болып табыламын. 100 - ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде ҚР БҒМ: - Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда 42 мақала; - Ресей және шет елдердің ЖАК ғылыми басылымдарында 21 мақала; Томсон Рейтер, Web of Science деректер базасының журналдарында 9 мақала, оның ішінде нөлдік емес импакт - факторы бар 2 мақала; - Томсон Рейтер компаниясының деректер базасына енгізілген Ресей Федерациясының 5 патенті, Web of Science; - Қазақстан Республикасының 8 патенті; - 2 монография: "қолқа инфраренальды аневризмасын хирургиялық емдеу асқынуларының алдын алу" және "қиын жағдайларда инфузиялық-трансфузиялық терапия алгоритмі". Еңбек қызметі кезінде ынталандыру және марапаттары: ҚР ДСМ "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісі (2016 ж); 2016 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Тұңғыш Президенті Қорының "ҚР Үздік жас ғалымы" сыйлығының лауреаты. Үйленген. 4 бала тәрбиелеп отыр.

    Жанаева Шагангул Алдамжаровна
    Қызметкерлер

    Жанаева Шагангул Алдамжаровна

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Жанаева Шагангүл Алдамжарқызы 1965 жылы 2 маусымда Қызылту ауылы, Абай ауданы, Семей облысында дүниеге келген. 1986 жылы филология факультетін Н.К. Крупская атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының үздік дипломымен аяқтады. Жаңаева Ш.А. жаңашыл- педагог, зерттеуші,шығармашылық тұлға,жоғары біліктілік санатындағы тәжірибелі маманы, білімі мен біліктілігі, шеберлігі толысқан ұстаз. Колледждегі «Балалар әдебиеті», «Мәнерлеп оқу» пәндерінің бірден-бір білгір маманы. Шағангүл Алдамжарқызының еңбегі қала, облыс көлемінде насихатталып, таратылып келеді. Колледжде білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында оқу-материалдық және техникалық базаны нығайту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Шағангүл Алдамжарқызы 120 жылдық тарихы бар - Қазақстандағы көне оқу орнының ғимараттары мен жатақханасының күрделі жөндеуден өтуіне мұрындық болды. 2013 жылы оқу орнының 110 жылдығына орай оқу орнының тарихы жайындағы «Алаштың білім ордасы» атты танымдық-ғылыми сипаттағы тұңғыш көлемді жинағы, 2018 жылы оқу орнының 115 жылдығына орай «Алаштың білім ордасы» жинағының 2-кітабы шықты.Кітаптың шығуына бастамашы және оның авторы Ш.А.Жанаева болды. Басшы Ш.А.Жанаеваның іскерлігінің арқасында, оқу орны заманауи талапқа сай жабдықталынып, жаңа типті білім беру мекемесіне айналды. Колледжде білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында оқу-материалдық және техникалық базаны нығайту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ш.А.Жанаеваның бастамасымен ел болашағына еңбегін арнаған ұлтжанды азаматтардың, белгілі кәсіпкер-меценаттардың қаржыландыруымен, оқу орнының тарихында тұңғыш рет атаулы оқу кабинеттері ашылды. Белгілі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Сыртқы Істер министрі, дипломат Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Рамазан Құмарбекұлы Сарпеков, «Ақшың» корпорациясының президенті, облыстық мәслихат депутаты Марат Серікжанұлы Құрманбаев, ел ағасы Мәркен Жақияұлы Шайжүнісов пен іскер басшы Тоқан Жақияұлы Шайжүнісов, «Силикат» АҚ президенті, облыстық мәслихат депутаты Борис Тимофеевич Адианов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры, ғалым Ғ.М. Мүтанов, ел тарихын құрмет тұтқан азаматтар Бағлан Салихұлы Шегедеков, қалалық мәслихат депутаты Қайноллан Ролланұлы Мусин демеушілігімен ашылған заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу кабинеттері болашақ мамандардың сапалы білім мен тәрбие алуына зор үлесін қосты. 1914 жылы «Ибраев+К» өндірістік кәсіпорны бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Ғаббас Төкешұлы Ибраевтың демеушілігімен 20 орындық интернет зал, оқу орнының түлегі, филология ғылымының докторы М. Бөжеевтің қызы Айбарша Бөжееваның демеушілігімен атаулы кабинет ашылды. 2017 жылдан бастап колледж оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың пилоттық ұйымы және 0105000 – Бастауыш білім беру мамандығы, 0105043 – Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі біліктілігі, 0111000 – Негізгі орта білім беру мамандығы, 0111053 – Техникалық және кәсіптік білім берудегі өзін-өзі тану пәні мұғалімі» біліктілігі бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі(2017-2020 жылдар аралығы) қызметін атқарды. 2020 жылдан жалпы білім беретін қоғамдық пәндердің республикалық оқу әдістемелік бірлестігі. 2017 жылы Рейтингілеу және аккредитациялаудың тәуелсіз агенттігі жұмыстарының тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша оқу орны институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан өтті. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіндегі оқу-тәрбие үрдісі сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2016 стандарты талаптарына сәйкес деп танылды. Ш.А.Жанаеваның жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшінРесей, Қазақстан және Беларусия елдері бірлесіп шығарған «Лучшие люди, Лучшие в образовании: Большая международная энциклопедия» жинағына есімі енді. Шағангүл Алдамжарқызы – колледждегі директорлық қызметін абыроймен атқара жүріп, қаланың, облыстың қоғамдық өміріне белсене араласатын іскер азаматтардың бірі. Семей қаласындағы қазақ мәдени-әлеуметтік орталығының төрайымы, «Семей қаласы әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің, Әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөнінідегі облыстық комиссияның мүшесі. Оқу орнындағы оқытушылардың әлеуметтік жағынан қорғалуын үнемі назарында ұстайды, колледждегі әр қызметкер мен білім алушыға ерекше көңіл бөліп, оның қызметі, тұрмыс жағдайымен танысып отырады. Жастардың адамгершілік тәрбиесіне, ұлтаралық келісім мен халықтар достығын нығайтуға парасаттылықпен көңіл бөледі. Қазір Абай театры мен қалалық мәдениет үйі сахналарында өтіп жатқан білім ордасының «Наурыз», «Наурыз аруы», «Жігіт сұлтаны» іс-шаралары дәстүрге айналған. Шағангүл Алдамжарқызы аталған шаралардың жаңғыруы мен қалыптасуына көп күш жұмсады. Осы ауқымды шараларды өткізуге өзге ұлт өкілдері қатысып, сол арқылы ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтып, отандастар арасында толеранттылыққа тәрбиелеуде. 2022 жылы 29 қыркүйекте М.О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне іс-сапармен келіп, студенттер мен ұжым жұмысына жоғары баға береді. Ш.А.Жанаева ұлт рухын ұлықтап, саналы ұрпақ қалыптастырудағы ерен еңбегі үшін Республика күні қарсаңында II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталады (2022 ж). 2022 жылғы 26 қарашада ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтің қызметіне ресми кірісуіне орай салтанатты Ұлықтау рәсіміне қатысу мәртебесіне ие болды. Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы оқу-тәрбие жұмыстарын, шаруашылық, қаржы мәселелерін оңтайлы шешуде, ата-аналармен қарым-қатынас орнатуда кәсіби сауатты, ұжымдық еңбек процесін орнату менеджментін терең меңгерген білікті басшы, үлкен жүректі Ұстаз. Ұлтының бүгіні мен ертеңін ойлаған, өз халқына қызмет ету идеясын терең ұғынғанШағангүл Алдамжарқызының ұстаздық болмысыколледж студенттері мен оқытушыларының, ата-аналар мен қала жұртшылығының құрметіне ие. Ш.А. Жанаеваның марапаттаулары: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы, 1996 ж., 2003 ж., 2007 ж.,2018ж. ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2003 ж. Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі, 2013 ж. ШҚО білім басқармасының Алғыс хаты, 2016 ж., 2017 ж. ШҚО әкімінің Дипломы, 2016 ж. ҚР «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін» медалі, 2016 ж. ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіхалықованың Дипломы, 2016 ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы, 2017 ж. «Қалаға сіңірген еңбек үшін» төсбелгісі, 2019 ж. ШҚО білім басқармасы Дипломы, 2019 ж. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Алғыс хаты, 2020 ж. Семей қаласының әкімінің Алғыс хаты, 2020ж Білім мазмұнын сараптау орталығы Е.Нұрлановтың Құрмет грамотасы, 2021ж ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2021ж. «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2021ж. ШҚО білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2021ж. Абай облысысың әкімінің Алғыс хаты, 2022ж. II дәрежелі «Барыс» ордені, 2022ж. ҚР Оқу-Ағарту Министрлігі Білім Мазмұнын Сараптау орталығының Алғыс Хаты, 2022ж. «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, 2022 ж.

    Жоламанов Шалкар Турысбекович
    Қызметкерлер

    Жоламанов Шалкар Турысбекович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Жоламанов Шалқар Тұрысбекұлы 1979 жылы 14 наурызда Семей облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Ана тілі - Қазақ тілі, Орыс тілін –еркін меңгерген. 1996 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтына "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2000 жылы Қазақтың мемлекеттік Спорт және туризм академиясын бітіріп 2000 жылғы 16 маусымдағы ЖБ № 0133027 дипломын алды. "Дене шынықтыру оқытушысы, жаттықтырушы" біліктілігі берілді. 2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетіне "іскерлік әкімшілік жүргізу" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 11.07.2019 жылғы ЖООК-М № 0172036 дипломын алды. Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді. Мектеп жасынан бастап күреспен айналыса бастаған. Қазақ күресінен және самбо күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберімі, сондай-ақ дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері болып табылады. Дзюдо, самбо және қазақ күресінен ҚР Чемпионаттарының және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. 2011 жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің қола жүлдегері және 2012 жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің күміс жүлдегері. 2010 жылы қазақ күресінен әлем чемпионы болды. Самбо күресінен 2000-2003 ж. ж. Азия чемпионы атанды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының төрешілер алқасының төрағасы болды. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының тәртіптік алқасының төрағасы болып табылады. ҚР Президентінің 2022 жылғы 17 наурыздағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Отбасы жағдайы-үйленген. 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Солтабаева Эльзира Ауесхановна
    Қызметкерлер

    Солтабаева Эльзира Ауесхановна

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Солтабаева Эльзира 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында (Қалбатау ауылында) дүниеге келген. Георгиевка ауылындағы Георгиевка орта мектебін бітірген. 2000-2004 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыды.С. Аманжолова «Тарих» мамандығы бойынша «Үздік диплом» алды. 2004-2006 жылдар аралығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Тарих магистрі дәрежесін алды. 20 жылдан астам мемлекеттік жастар саясатын іске асырумен айналысады, облыс бойынша 50-ден астам әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды. Соңғы үш жыл NEET санатындағы жұмыссыз жастар мәселелерімен айналысты. Жастар ұйымының көшбасшысы ретінде 2014 жылы Тәжікстан, Турция, Әзірбайжан сияқты елдердегі конференцияларға қатысты, 2013 жылы Польшада тағылымдамадан сәтті өтті, 2017 жылы Қытайда өткен БҰҰ халықаралық конференциясында Қазақстанның атынан қатысты. Үш тілді-қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Келесі марапаттарға ие: 2019 жылы – «Қала сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталады. Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов. 2020 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Коституция 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 2020 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен «Халық алғысы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

    Кайрамбаев Бауыржан Сейтжапарович
    Қызметкерлер

    Кайрамбаев Бауыржан Сейтжапарович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    ҚайрамбаевБауыржанСейітжапарұлы, 11.11.1971 жылы туылған, Аягөзқаласы, Үйленген, екі баласы бар. 1978-1988 жж № № орта мектеп 1 ж. Аягөз, Семей облысы 1989-1991 жж - Кеңесәскеріқатарындағықызмет. Екі жоғары білімі бар: 1997 ж. Алматы мемлекеттік Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітірген , инженер-механик біліктілігі; 2006 Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Д.Серікбаева .Мамандығы – «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» Біліктілігі – инженер. Қайрамбаев Б.С. 2007 ж. Мәслихат депутаты болып сайланды. Семей қаласы қала өміріне белсене қатысады, Семейдің жол саласының дамуына елеулі үлес қосты, атап өтілді: - 07.12.2010 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 337-қ бұйрығымен «Құрметті жол қызметкері» жоғары кәсіби атағы берілді. - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы No 798 Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Бірнеше рет алғысхаттармен, грамоталармен марапатталған.

    Каскабаев Мухаметкали Телеуханович
    Қызметкерлер

    Каскабаев Мухаметкали Телеуханович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Каскабаев Мухаметкали Телеуханович,1966 жылы 16 ақпанда бұрыңғы Семей облысы, Жанасемей ауданы, Изатулла селосында дүниеге келдім. 1981 жылы Изатулла ауылындағы орта мектепті қазақ тілінде бітірді. Білімім жоғары: 1999 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университетіне оқуға түсіп, экономика бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

    Койжайганов Нурлан Алтынбекович
    Қызметкерлер

    Койжайганов Нурлан Алтынбекович

    Абай облысы мәслихатның депутаты

    Қойжайғанов Нұрлан Алтынбекұлы 27.03.1977 ж.т. Семей облысы, Аягөз ауданы,Тарбағатай ауылы. Ұлты- қазақ. Білімі: 1992 ж. – Аягөз қаласының № 2 орта мектебін бітірген. 1994 ж. – Семей қаласының № 13 училище, мамандығы ІІІ-дәрежелі құрылыс ағаш ұстасы. 1999 ж. – Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институты, мамандағы «Дене шынықтыру және спорт», біліктілігі «Дене шынықтыру оқытушы-мұғалім». Әскери борыншын өтеу: 1999ж. Семей қалалық әскери комиссариатымен әскери борыншын өтуге шақырылған. Атқарды ә/б № 4396, қатардағы жауынгер. Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр. Спорттық жарыстарға қатысқан: 1995 ж. – Жастар арасында грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Иран Тегеран қаласы). 1996 ж. – «А» санаттық турниры (Швеция Хапаранда қаласы). 1997ж. – Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Финляндия Турку қаласы). 1998 ж. – Үлкендер арасында грек-рим күресінен Азия ойындары (Таиланд). 1998 ж. - Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Швеция Гальбе қаласы). 1999 ж. - Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Греция Афина қаласы). 2001 ж. - Грек-рим күресінен Азия ойындары (Япония Осака қаласы). 2002 ж. - Грек-рим күресінен Азия ойындары (Оңтүстік Корея Пусан қаласы). 2003 ж. - Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Франция Париж қаласы). 2004 ж. – Афина олимпиада ойындары (Греция). 2005 ж. – Грек-рим күресінен Азия чемпионаты (Китай Ухань қаласы). Жетістіктері : Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ерлер арасында, Азия, Әлем кубогының иегері, Шығыс Азия ойындарының күміс жүлдегері. Орта Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері, Афина Олимпиадасына қатысушы. Қазақстан Республикасының 11 дүркін чемпионы. Грек-рим күресінен «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» (куәлік № 141 Бұйрық № 1-2-6/363 26.05.1998 ж.). Марапаттау: «Аягөз ауданының Құрметті азаматы» куәлік № 68 (2007 ж. Афина олимпиада ойындарының қатысушысы).

    Құрманбай Марат Серікжанұлы
    Қызметкерлер

    Құрманбай Марат Серікжанұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Құрманбай Марат Серікжанұлы 1961 жылы Семей қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1987 жылы политехникумды, 1994 жылы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Қазақ Мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстанның саясаты мен экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған. Шығыс Қазақстан халықтарының тарихи, мәдени және рухани мұрасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс» медалінің иегері. Шығыс Қазақстан облысы бойынша «2003 жылдың үздік меценаты», ал 2008 жылы «Білім меценаты» деп танылып, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» және өзге де көптеген мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Жыл сайынғы «Ізгілікті ниет» марафонына белсенді қатысқандығы үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мейірімділік саласында «Жыл адамы» деп танылып облыс әкімінің Дипломы мен, қайырымдылық Кубогін иеленді. 2009 жылы «Алтын Жүрек» ұлттық қоғамдық премиясының «Спортты дамытуға және қолдау көрсеткені үшін» аталымы бойынша лауреат атанды. 2017 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлы үш биіміздің бірі - Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығын атап өтуге арналған шарада ресми қонақтарды күтуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және тойдың лайықты өтуіне сүбелі үлес қосқаны үшін арнайы медальмен және Алғыс хатқа ие болды. 2009 жылы ел экономикасындағы, әлеуметтік саладағы, ғылым мен мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі жеткен жетістіктері үшін мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, сол жылы Семей қаласының «Семей Қаласының құрметті азаматы» атағын иеленді. 2018 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Бүгінгі күнге дейін көптеген кітаптардың жарыққа шығуына меценаттық танытты. Атап айтқанда, Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Шәкәрімтану мәселелері» атты 5 томдық сериялық ғылыми жинақтың, «Шәкәрімтану мәселелері» топтамасының, «Шығыс Қазақстан энциклопедиясының» және «Семей қасіреті» және тағы басқа көптеген жинақтардың жарық көруіне қолдау көрсетті. Қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарымен тұрақты айналысады. Мұқтаж жандарға қол ұшын берумен қатар қоғамдық ұйымдар мен қорларға, ардагерлер Кеңесіне, сәбилер мен балалар үйлеріне, спортшыларға, мектептерге, ұлттық орталықтарға, мәдениет және ғылым қайраткерлеріне үнемі демеушілік көмек көрсетіп келеді. Үйленген, 3 ұл,10 немере тәрбиелеп отыр.

    Молдашева Рыиза Асановна
    Қызметкерлер

    Молдашева Рыиза Асановна

    Абай облысы мәслихатның депутаты

    Молдашева Рыиза Асанқызы 1961 жылы бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1985 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Заңтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған. Филология ғылымдарының кандидаты, ғылыми тақырыбы - «Семей өңіріндегі мерзімді баспасөздердің қалыптасу және даму тарихы». Рыиза Асанқызы - қазақ баспасөзінің тарихы жайлы он монографияның авторы. Марапаттары: Р.А.Молдашева 2005 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің сыйлығын иеленді. 2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. ҚР Президентінің 2009 жылғы БАҚ саласындағы грантының иегері. Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, «Ақпарат саласының үздігі». 2004 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағына ие болды. 2009 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, 2014 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Әр жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолы қойылған алғыс хатпен, ШҚО және Семей қаласы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен, «Nur Оtаn» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының Құрмет грамотасымен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған. «Нұр Сұңқар» сыйлығының иегері. «2017 жылдың үздік БАҚ редакторы» аталымы бойынша Геннадий Толмачев атындағы сыйлықтың иегері. Отандық құқықтық жүйенің дамуына қосқан үлесі үшін, мәслихаттардың 20 жылдығына арналған идеологиялық шараларға белсене қатысқаны үшін сол кездегі ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан Құрмет грамотасын алған. 2023 жылы Семей қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды.

    Қасенов Қуаныш Аманбекұлы
    Қызметкерлер

    Қасенов Қуаныш Аманбекұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Қасенов Қуаныш Аманбекұлы, 1989 жылы 12 маусымда Семей облысы Абай ауданы «Саржал» ауылында дүниеге келді. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша, Семей қаласының Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университетінде«Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды. «Ветеринария ғылымдарының магистрі» магистр академиялық дәрежесі бар. «AMANAT» партиясы Жоғары партия мектебінің түлегі. Қуаныш Аманбекұлы атқарып отырған лауазымында өзін құзыретті және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Жұмыстың күрделілік дәрежесіне байланысты ол қойылған міндеттерді шешуге қажетті негізгі нақты басымдықтарды дұрыс анықтайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде қызығушылығы байқалады. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларымен, сондай-ақ қаланың қоғам қайраткерлерімен жақсы қарым-қатынаста іскерлік ынтымақтастықты сауатты жолға қоя алады. Ол саяси сауаттылық пен ұстамдылықты көрсете отырып, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнатады. Өз білімі мен тәжірибесін іс жүзінде қолдана білу, мақсатқа жетудегі жеделдік пен табандылық басшылықтың сеніміне, ұжымның мойындауы мен құрметіне ие болды. Тұрақты негізде өзінің кәсіби деңгейін арттырады: тақырыптық іс-шараларға, тренингтер мен семинарларға қатысады, кәсіби дамуға, тереңдетілген кәсіби білім мен дағдыларды арттыруға ұмтылады. Қуаныш Аманбекұлы көлеміне қарамастан жұмысты қарқынды орындау қабілетімен, командада жұмыс істей білуімен ерекшеленеді, ұйымдастырушылық қабілетке ие, сондай-ақ «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі болып табылады, 2010 жылдан бастап сайлауалды штаб жұмысында тамаша белсенділік танытты, ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, әріптестері арасында беделді: Жетістіктер: 2006 жыл Облыстықпікірсайыстурнирі 1 орын-Семей қаласы 2007 жыл «Үздік спикер» халықаралық пікірсайыс турнирі - Алматы қ. 2008 жыл «Үздік төреші» республикалық пікірсайыс турнирі - Астана қ. 2008 жыл «AMANAT» партиясының ауыспалы кубогы» дебат турының жүлдегері – «Үздік спикер» номинациясы бойынша 1 орын - Талдықорған қ. 2009 жыл Республикалық пікірсайыс турнирінің жүлдегері «Үздік спикер» номинациясында 3 орын - Көкшетау қ. 2009 жыл «ШҚО Жасыл ел» ЖҚ үздік командирі - Өскемен қ. 2009 жыл «Үздік саясаткер» қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі -Семей қ. 2010 жыл «Студенттік көшбасшы» номинациясы бойынша қала әкімінің сыйлығы - Семей қ. 2010 жыл «ШҚО Жасыл ел» ЖҚ үздік командирі - Өскемен қ. 2011 жыл «AMANAT» партиясы Жоғары партия мектебінің түлегі-Астана қ. 2011 жыл «ШҚО Жасыл ел» ЖҚ үздік командирі - Өскемен қ. 2013 жыл Саладағы «Үздік маман» сыйлығы - Семей қ. 2014 жыл «Үздік басшы» республикалық байқауы - Талдықорған қ. 2014 жыл Қала әкімінің «Үздік ұйым» сыйлығы - Өскемен қ. 2015 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты 2015 жыл «Үздік Штаб» республикалық байқауы - Астана қ. 2017 жыл ҚР Үздік үкіметтік емес ұйымы - Астана қ. 2018 жыл Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты 2020 жыл «BizBirgemiz» республикалық жобасына қатысу 2021 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты Жұмыс барысында бірнеше реет Қазақстан Республикасы Президентінің алғысхаттарымен, ШҚО және Семей қаласы әкімшілігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Қ.А. Қасенов қызметінде жоғары кәсібилігімен, қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасымен, орындаушылық тәртібімен және мамандарды даярлау сапасын арттыруға ұмтылысымен ерекшеленеді.

    Қарт Мерей Мейртайұлы
    Қызметкерлер

    Қарт Мерей Мейртайұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Мерей Қарт 4 желтоқсан 1989 жылы қазыргі Абай облысы, Ақсуат ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге келді. 1996 жылы Үштөбе ауылындағы Өкпеті орта мектебіне барды. 2003 жылы Алматы қаласы Дарында балаларға арналған мектеп лицейіне барып 2007 жылы тәмамдады. 2007 жылы Семей қаласындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институына «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» мамандығына оқуға түсіп 2011 жылы оқуды бітірді. 2012 - 2014 жылдары Қазақ Иновациялық Гуманитарлық Заң Университетінде «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» магистратурасында оқып, бітірді. Жетістіктері: ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Т.Айбергенов төсбелгісінің иегері. ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры өткізген Республикалық «Алтын Тобылғы» әдеби байқауының Гран-при иегері. Республикалық «Алтын Тұғыр» әдеби байқауының жеңімпазы болды. Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Маслова Анжела Владимировна
    Қызметкерлер

    Маслова Анжела Владимировна

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    1975 жылы 25 қарашада Семей облысы, Бородулиха ауданында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Семей қаласының «Қазтұтынуодағы Үлбір-Мех Техникумын» бітірген. 2010ж. - 2020ж. іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. 2014ж. - 2017ж. Семей қаласы мәслихаты жанындағы кәсіпкерлік істері жөніндегі кеңестің мүшесі. 2015ж. - 2018ж. Семей қаласын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. 2016ж. - 2018ж. Семей қаласы әкімдігі жанындағы инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің мүшесі. 2018ж - 2019ж.-"ШҚО бойынша өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы"АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры. 2021ж. - қазіргі уақытқа дейін - "Әйелдер күштері Альянсы" қауымдастығы төрағасының орынбасары. 2023ж. - қазіргі уақытқа дейін - Абай облысының саясаткер әйелдер клубының төрағасы. "Үздік қаржыгер" қоғамдық медалімен, "Игі істер керуенімен"марапатталған. Үйленген. Қызы бар.

    Койгельдин Ержан Турсынханович
    Қызметкерлер

    Койгельдин Ержан Турсынханович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Қойгелдин Ержан Тұрсынханұлы 1964 жылы 15 қыркүйекте Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлкен Бөкен ауылында дүниеге келген. Көкпекті ауылындағы мектепті бітірген. 1982-1987 жылдары Алматы ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылы АӨК Республикалық жоғары мектебін - ауыл шаруашылығы кәсіпорнын ұйымдастырушы мамандығын бітірген. 1999 жылы Қайнар университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірді. "Құрмет" ордені, "Ерен Еңбегі үшін" медалі, Қазақстанның мерейтойлық медальдары бар. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Давыдович Олег Олегович
    Қызметкерлер

    Давыдович Олег Олегович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Давыдович Олег Олегович, 24.10.1980 жылы туған, Бородулиха ауданының тұрғыны. Бородулиха Н. Островский орта мектебін бітірген. Құқықтану және қаржыгер-экономист мамандықтары бойынша екі жоғары білімім бар. ЦПН РМК Бас директоры "Үздік басшы" номинациясы бойынша грамотамен, партия Төрағасы НұрОтан-Алғыс хатпен, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ Басқарма Төрағасы және жергілікті атқарушы органдардың көптеген алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған.

    Турсынов Мухит Шынгысбекович
    Қызметкерлер

    Турсынов Мухит Шынгысбекович

    Абай облысы мәслихатыныңы депутаты

    Турсынов Мухит Шынгысбекович 1988 жылы 22-сәуірде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келді. 1995 – 2006 ж.ж. Семей қаласының «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқыды. 2006 – 2010 ж.ж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім алды. 2009 – 2011 ж.ж. университет қабырғасында әскери кафедрада оқыды. 2010 – 2012 ж.ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды. 2012 – 2014 ж.ж. Қазақтың туризм және спорт академиясының «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Күреспен 2000 жылдан бастап айналысады. Қазіргі уақытта самбо, дзю-до күресінен спорт шебері және қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Дзю-до, самбо және қазақ күресінен Халықаралық жарыстардың, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері. Жетістіктері: Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы (2007, 2008, 2009, 2010, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2019 ж); Кураш күресінен жабық ғимараттар Азия ойындарының күміс жулдегері (Вьетнам, 2009 жыл); Қазақ күресінен Азия жеңіпазы (Қызылорда, 2009 жыл); Қазақ күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Астана, 2010 жыл); Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының абсалютті чемпионы (2012, 2014, 2017 ж.ж.); Қазақ күресінен Қазақстан Кубогының иегері (2009, 2011, 2012, 2013, 2015, 2016, 2017, 2019 ж.ж); Қазақ күресінен әлем Кубогының жеңімпазы (Индия; Пуна қаласы, 2011 жыл); Қазақ күресінен әлем чемпионы (Беларуссия, Минск қаласы, 2013 жыл); Қазақ күресінен әлем чемпионы (Ресей, Оренбург қаласы, 2014 жыл); Қазақстан барысы (Астана, 2014 жыл); Еуразия барысы чемпионы (2013, 2015, 2016 ж.ж.); Қазақ күресінен әлем Кубогының жеңімпазы (Румыния, Констанца қаласы, 2021 жыл); «Дала қырандары» республикалық турнирі жеңімпазы (2022 жыл); 2019 жылы «Құрмет» орденінің иегері.

    Байбеков Шалқар Заманбекұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Байбеков Шалқар Заманбекұлы

    Мәслихат төрағасы

    Байбеков Шалқар Заманбекұлы, 06.02.1967 ж.т. Семей облысы Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білім: 1992 - 1996 ж.ж. - Қазақ мемлекеттік басқару Академиясы; 1998 - 2001 ж.ж. - Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы; 1984 жылы Семей қаласының № 5 орта мектебін бітірген. 1985-1986 ж.ж. Украинада Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті, қатардағы сарбаз, қазір әскери міндеттілігі жоқ. 1986 -1988 ж.ж. Семей қаржы - экономикалық техникумында оқыды. Отбасы жағдайы: үйленген, 3 балалы.

    Таңатаров Саят Замамбекұлы
    Қызметкерлер

    Таңатаров Саят Замамбекұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Танатаров Саят Замамбекұлы, 1968 жылы 5 сәуірде Семей облысында дүниеге келдім. 1985 жылы Жарма ауданының Октябрь орта мектебін аяқтады. 1995 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтадым. 1995-1996 жылдары Семей қаласының Облыстық наркологиялық диспансерінде психиатрия және наркология бойынша интернатурадан өтті. 2015 жылы Семей қаласының Қазақинновациялық университетін Экономика және бизнес бакалавры Экономика мамандығы бойынша аяқтадым. Имеют Ученые степени: «Доктор медицинских наук», «Магистр экономики и бизнеса», а также ученое звание «Профессор НАО «МУС». Ғылыми дәрежелері: «Медицина ғылымдарының Докторы», «Экономика және бизнес магистрі», сондай-ақ «СУМ» КеАҚ профессоры» ғылыми атағы. «Абай облысының орта медицина қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Президентімі, Қазақстан Республикасының анестезиолог-реаниматологтартар Федерациясының мүшесі, «Денсаулық сақтау мамандарының Ұлттық лигасы» РҚБ құрылтайшысы. Сондай-ақ, Абай облысының мейірбике ісі жөніндегі Абай облысының ДСБ бас маманымы, Абай облысының COVID - 19 бойынша бас үйлестірушісі, анестезиолог-реаниматологы. Мемлекеттік марапаттары: КСРО Қорғаныс министрлігінің екінші дәрежелі «Әскери қызметтегі үздігі үшін» медалімен марапатталған. 2010 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша кафедралармен ПОҚ арасындағы рейтинг қорытындысы бойынша «Үздік оқытушы» номинациясын жеңіп алғаны үшін Грамотамен марапатталды. Денсаулық сақтау басқармасының Медицина қызметкері күніне арналған Құрмет грамотасы, 17.06.2011 жылғы №44 бұйрығы.«Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» медалі №668 куәлік. «Құрметті түлек» медалі №108 куәлік, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті. «Шығыс Қазақстан облысын білім саласына қосқан үлесі үшін» білім басқармасының грамотасы. «Денсаулық сақтау үздігі», «Білім беру саласының құрметті қызметкері», «білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі және «Экономика мақтанышы» Ордені. 2022 жылы Әділетті Қазақстанды құруға белсенді қатысқаны үшін, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінен «Алғыс хат», 2022 жылы «Amanat» партиясының төрағасының "Алғыс хаты", 2023 жылы «AMANAT» партиясының төрағасынының "Құрмет грамотасымен» марапатталды.