Турсынов Мухит Шынгысбекович

    Абай облысы мәслихатыныңы депутаты

    Турсынов Мухит Шынгысбекович
    Депутат маслихата

    Турсынов Мухит Шынгысбекович

    Абай облысы мәслихатыныңы депутаты

    Өмірбаян

    Турсынов Мухит Шынгысбекович 1988 жылы 22-сәуірде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келді.

    1995 – 2006 ж.ж. Семей қаласының «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқыды.

    2006 – 2010 ж.ж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім алды.

    2009 – 2011 ж.ж. университет қабырғасында әскери кафедрада оқыды.

    2010 – 2012 ж.ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды.

    2012 – 2014 ж.ж. Қазақтың туризм және спорт академиясының «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

    Күреспен 2000 жылдан бастап айналысады. Қазіргі уақытта самбо, дзю-до күресінен спорт шебері және қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

    Дзю-до, самбо және қазақ күресінен Халықаралық жарыстардың, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері.

    Жетістіктері:

    • Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы (2007, 2008, 2009, 2010, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2019 ж);
    • Кураш күресінен жабық ғимараттар Азия ойындарының күміс жулдегері (Вьетнам, 2009 жыл);
    • Қазақ күресінен Азия жеңіпазы (Қызылорда, 2009 жыл);
    • Қазақ күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Астана, 2010 жыл);
    • Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының абсалютті чемпионы (2012, 2014, 2017 ж.ж.);
    • Қазақ күресінен Қазақстан Кубогының иегері (2009, 2011, 2012, 2013, 2015, 2016, 2017, 2019 ж.ж);
    • Қазақ күресінен әлем Кубогының жеңімпазы (Индия; Пуна қаласы, 2011 жыл);
    • Қазақ күресінен әлем чемпионы (Беларуссия, Минск қаласы, 2013 жыл);
    • Қазақ күресінен әлем чемпионы (Ресей, Оренбург қаласы, 2014 жыл);
    • Қазақстан барысы (Астана, 2014 жыл);
    • Еуразия барысы чемпионы (2013, 2015, 2016 ж.ж.);
    • Қазақ күресінен әлем Кубогының жеңімпазы (Румыния, Констанца қаласы, 2021 жыл);
    • «Дала қырандары» республикалық турнирі жеңімпазы (2022 жыл);
    • 2019 жылы «Құрмет» орденінің иегері.

    2011 – 2018 ж.ж. Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінде денешынықтыру пәні оқытушысы қызметін атқарды.

    2014 – 2017 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы «Жоғары спортттық шеберлік мектебінде» жаттықтырушы.

    2017 – 2018 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы «Жоғары спортттық шеберлік мектебінде» әдіскер.

    2018 жылдан бастап «Қызылжар арландары» қазақ күресі спорт клубының директоры қызметін атқарады.

    2023 жылдың 8 желтоқсанан бері ММ «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ директоры болып тағайындалды.

    2023 жылдың 4 қазанынан бастап Абай облысы мәслихатының VIII шақырылым депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері