Байбеков Шалқар Заманбекұлы

    Мәслихат төрағасы

    Байбеков Шалқар Заманбекұлы
    Председатель маслихата

    Байбеков Шалқар Заманбекұлы

    Мәслихат төрағасы

    Өмірбаян

    Байбеков Шалқар Заманбекұлы, 06.02.1967 ж.т. Семей облысы Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.

    Білім:

    1992 - 1996 ж.ж. - Қазақ мемлекеттік басқару Академиясы;

    1998 - 2001 ж.ж. - Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы;

    1984 жылы Семей қаласының № 5 орта мектебін бітірген.

    1985-1986 ж.ж. Украинада Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті, қатардағы сарбаз, қазір әскери міндеттілігі жоқ.

    1986 -1988 ж.ж. Семей қаржы - экономикалық техникумында оқыды.

    Отбасы жағдайы: үйленген, 3 балалы.

    Еңбек жолын 1988 жылдың маусым айында Семей облысы Жаңасемей аудандық Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының аға инспекторы болып бастаған.

    1988 жылдың желтоқсанынан Семей қалалық қаржы бөлімінің салық инспекциясының салық ревизор - инспекторы лауазымына тағайындалды, содан кейін 1990 жылдың шілдесінен 1996 жылдың сәуіріне дейін Семей қаласы бойынша салық инспекциясы бастығының Бас мемлекеттік инспекторы, бөлім бастығы, бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

    1996 жылдың сәуірінен 1997 жылдың шілдесіне дейін Семей облысы бойынша салық инспекциясы бастығының бірінші орынбасары.

    1997 жылдың шілдесінен 2002 жылдың ақпанына дейін Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы.

    2002 жылдың мамырынан 2003 жылдың қазанына дейін - Астана қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары.

    2003 жылдың қазанынан 2004 жылдың маусымына дейін - Астана қаласының Алматы ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы.

    2004 жылдың маусымынан 2008 жылдың қазанына дейін - Қарағанды облысы Салық комитетінің төрағасы.

    2008 жылдың қазанынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін - ҚР Қаржы министрлігі. Салық басқармасының бастығы

    2008 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың қыркүйегіне дейін - Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы.

    2014 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың тамызына дейін - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

    2017 жылдың тамызынан 2019 жылдың қарашасына дейін - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

    2019 жылдың қарашасынан 2021 жылдың ақпанына дейін - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі.

    2022 жылдың шілдесінен 2024 жылдың желтоқсанына дейін – Абай облысы әкімінің орынбасары.

    2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының төрағасы болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері