Аубакиров Азамат Жумаканович

    Абай облысы мәслихатның депутаты

    Аубакиров Азамат Жумаканович
    Депутат маслихата

    Аубакиров Азамат Жумаканович

    Абай облысы мәслихатның депутаты

    Өмірбаян

    Аубакиров Азамат Жумаканович 1982 жылы 26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Новая Шульба (Жаңа Шульбі) ауылында дүниеге келді. Үйленген, 3 баланың әкесі. Жерновка аулында орта мектеп бітірді. 2000 жылдан 2004 жылға дейін заңгер мамандығы бойынша «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде» оқыды.

    Өзінің алғашқы еңбек жолын 2004 жылы заңгер ретінде «Жерновское» ЖШС бастады.

    2007 жылы «Жерновское» ЖШС директорының орынбасары, ал 2016 жылынан бастап жоғарыда аталған ЖШС-ың негізін қалаушы және директоры болып тағайындалды. Осы жылдары Аубакиров Азамат Жумаканович бірнеше мәрте «Ауыл шаруашылық саласының көшбасшысы» атақпен марапатталды.

    2017 жылыдан бастап Абай облысы Бесқарағай ауданында орналасқан «ВА Аgro Group» ЖШС қаржы директоры қызметін атқаруда. Аталған ЖШС Бесқарағай ауданындағы ең ірі ауылшаруашылық кәсіпорын болып табылады. 50 жұмыс орын ұйымдастырылды. Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту орталығы атынан «Қоғамдық жұмыс орындар» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. Ауыл шаруашылық саласындағы еңбек өтілі 19 жыл, аталған саланы дамытумен шұғылданады. Шығарылатын өнімнің сапасын арттырып, және өнімділікті жоғарлату мақсатында жаңашыл агроәдістерді қолданып, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастырып, инвестицияларды тартады.

    «Аманат» партиясының мүшесі. Бородулиха аудандық маслихатының 3 шақырылым депутаты. 10 жылдан артық аудан мәселелерімен шұғылданып, қоғамға қажет жобаларды қаржыландырып, іске асырады.

    Қайырымдылық көмек көрсетеді. Жерновка және Қарағайлы ауылдарында өткізілетін іс-шаралардың ұйымдастырушысы және бастамашысы болды. 2012 жылы «Жыл отансүйгіші» номинациясында ШҚО әкімі Б.Сапарбаевтын дипломымен марапатталды.

    2012 жылы «Нұр Отан» партиясының іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.

    2013 жылы 4 мемлекеттік (Ресей, Украина, Беларусь, Қазақстан) бизнес рейтинг компаниясын «2013 сала қөшбасшысы ұлттық сертификатымен» марапатталды.

    2014 жылы «Туған жерге тағзым» акциясын іске асыру аясында қомақты үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін Мақтау қағазымен марапатталды.

    2014 жылы ауыл шаруашылық министрі Мамытбеков А. атынан ауыл шаруашылық саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

    2020 жылы аудандық деңгейде өткен «Жомарт Жүрек» конкурсында «Жылдың үздік ұйымы» номинациясын жеңіп алғаны үшін Бородулиха әкімнің Алғыс хатымен марапатталды.

    2021 жылы «Шапағат» төсбелгісімен және «Ауыл шаруашылығының озаты даңқы» белгісімен марапатталды.

    2022 жылы «KAZ Chemicals Trading Нouse» ЖШС атынан минералдық тыңайтқыштарды тиімді қолданып, топрақтың қунарлылығын қалыпқа келтіруге енгізген үлесі үшін Алғыс Хатпен марапатталды.

    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2022 »

    Республикалық конкурсына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері