Карашев Мамырбек Бахтыгазинович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Карашев Мамырбек Бахтыгазинович
    Депутат маслихата

    Карашев Мамырбек Бахтыгазинович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Карашев Мамырбек Бақтығазыұлы 1969жылы 17 тамызда Семей облысы Үржар ауданы Көлденең (Аксаковка) ауылында дүниеге келген. Көп балалы отбасынан шыққан, жеті ұл қызы бар әулеттің ортаншы баласы.

    Ұлты-қазақ.

    1976-1986 жылдары Көлденең (Аксаковка) ауылындағы орта мектепте білім алды.

    1987-1989 жылдар арасында Совет армиясы қатарында әскери борышын атқарды.

    Білімі – жоғары. Орта-Азиялық Университетінің заң факультетіндежоғары білім алды. Мамандығы-заңгер.

    2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалінің, 2015 жылы«Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» медалінің иегері болды.

    2022 жылы мемлекеттік «Шапағат» медалімен марапатталды.

    Мамырбек Бақтығазыұлы 2021 жылы праймериз бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Сол жолда абыройлы қызмет атқарып бүгінгі күні жаңа құрылған Абай облысының депутаттығына Үржар ауданы атынан сайланып, облыстың саяси-мәдени дамуы жолында қызмет атқарып жүр.

    Мамырбек Бақтығазыұлы басқарып отырған «Юбилейный» ЖШС ұжымы республика деңгейіне танымал ірі шаруашылықтардың бірегейі. Аудан экономикасына жоғарғы мөлшерде инвестиция тартып, ауыл шаруашылық саласын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп, шетелдің техникалары мен технологияларын қолданып жұмыс атқарып жатыр.

    Аталмыш ұжымда бүгінгі күні 100-ден аса әр түрлі ұлттардан (қазақ,орыс, неміс) құрылған жұмысшылар тату-тәтті қызмет атқаруда.

    Басшылық тарапынан олардың әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөлініп, қайырымдылық көмек көрсетіледі. Жалақысы ай сайын беріліп, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер уақытылы аударылады, сыйақылық төлемдер жасалынады.

    Патриот азамат кең байтақ Қазақ елінің басқа қалаларына бармай, бүкіл саналы ғұмырын туған ауылының көркеюі мен дамуы жолында тынбай қызмет атқарып жүрген ер.

    Сондықтан да болар, Мамырбек Бақтығазыұлы туған ауылы Көлденең халқына көмектесуден жалыққан емес. Ауылдың зейнеткерлері мен көп балалы аналары, өзі түлеп ұшқан мектебі мен қасиетті орын мешіт назардан тыс қалған жоқ. Бұлар -жыл сайын біршама адамға меценаттық көмек жасайтын азаматтың көп қайырымдылық істерінің бір бөлігі ғана.

    Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 1989 жылы «Юбилейный» колхозында жұмысшы болып бастап, кейін жүргізуші, механизатор болып жалғастырды. Жақсы көрсеткіштермен алдыңғы қатарға шығып, 1994 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ең үздік комбайнер» аталымы бойынша «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

    1996 жылы колхоз таратылып, оның негізінде «Юбилейный» ЖШС құрылды, осы аталған серіктестіктің май өндіру цехымен қатар орталық қырман меңгерушісі болып тағайындалып, 2012 жылға дейін қызмет атқарды. 2012 жылы «Юбилейный» ЖШС құрылтайшылар жиналысымен ЖШС директоры болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы қызметте еңбек етуде.

    VII шақырылған Абай обылысы мәслихатының депутаты.

    2023 жылы 30 наурыздан бастап VIІI шақырылған Абай обылысы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері