
Өмірбаян
Қасенов Қуаныш Аманбекұлы, 1989 жылы 12 маусымда Семей облысы Абай ауданы «Саржал» ауылында дүниеге келді.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша, Семей қаласының Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университетінде«Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды. «Ветеринария ғылымдарының магистрі» магистр академиялық дәрежесі бар.
«AMANAT» партиясы Жоғары партия мектебінің түлегі.
Қуаныш Аманбекұлы атқарып отырған лауазымында өзін құзыретті және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Жұмыстың күрделілік дәрежесіне байланысты ол қойылған міндеттерді шешуге қажетті негізгі нақты басымдықтарды дұрыс анықтайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде қызығушылығы байқалады.
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларымен, сондай-ақ қаланың қоғам қайраткерлерімен жақсы қарым-қатынаста іскерлік ынтымақтастықты сауатты жолға қоя алады. Ол саяси сауаттылық пен ұстамдылықты көрсете отырып, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнатады.
Өз білімі мен тәжірибесін іс жүзінде қолдана білу, мақсатқа жетудегі жеделдік пен табандылық басшылықтың сеніміне, ұжымның мойындауы мен құрметіне ие болды.
Тұрақты негізде өзінің кәсіби деңгейін арттырады: тақырыптық іс-шараларға, тренингтер мен семинарларға қатысады, кәсіби дамуға, тереңдетілген кәсіби білім мен дағдыларды арттыруға ұмтылады.
Қуаныш Аманбекұлы көлеміне қарамастан жұмысты қарқынды орындау қабілетімен, командада жұмыс істей білуімен ерекшеленеді, ұйымдастырушылық қабілетке ие, сондай-ақ «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі болып табылады, 2010 жылдан бастап сайлауалды штаб жұмысында тамаша белсенділік танытты, ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, әріптестері арасында беделді:
Жетістіктер:
2006 жыл |
Облыстықпікірсайыстурнирі 1 орын-Семей қаласы |
2007 жыл |
«Үздік спикер» халықаралық пікірсайыс турнирі - Алматы қ. |
2008 жыл |
«Үздік төреші» республикалық пікірсайыс турнирі - Астана қ. |
2008 жыл |
«AMANAT» партиясының ауыспалы кубогы» дебат турының жүлдегері – «Үздік спикер» номинациясы бойынша 1 орын - Талдықорған қ. |
2009 жыл |
Республикалық пікірсайыс турнирінің жүлдегері «Үздік спикер» номинациясында 3 орын - Көкшетау қ. |
2009 жыл |
«ШҚО Жасыл ел» ЖҚ үздік командирі - Өскемен қ. |
2009 жыл |
«Үздік саясаткер» қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі -Семей қ. |
2010 жыл |
«Студенттік көшбасшы» номинациясы бойынша қала әкімінің сыйлығы - Семей қ. |
2010 жыл |
«ШҚО Жасыл ел» ЖҚ үздік командирі - Өскемен қ. |
2011 жыл |
«AMANAT» партиясы Жоғары партия мектебінің түлегі-Астана қ. |
2011 жыл |
«ШҚО Жасыл ел» ЖҚ үздік командирі - Өскемен қ. |
2013 жыл |
Саладағы «Үздік маман» сыйлығы - Семей қ. |
2014 жыл |
«Үздік басшы» республикалық байқауы - Талдықорған қ. |
2014 жыл |
Қала әкімінің «Үздік ұйым» сыйлығы - Өскемен қ. |
2015 жыл |
Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты |
2015 жыл |
«Үздік Штаб» республикалық байқауы - Астана қ. |
2017 жыл |
ҚР Үздік үкіметтік емес ұйымы - Астана қ. |
2018 жыл |
Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты |
2020 жыл |
«BizBirgemiz» республикалық жобасына қатысу |
2021 жыл |
Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты |
Жұмыс барысында бірнеше реет Қазақстан Республикасы Президентінің алғысхаттарымен, ШҚО және Семей қаласы әкімшілігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Қ.А. Қасенов қызметінде жоғары кәсібилігімен, қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасымен, орындаушылық тәртібімен және мамандарды даярлау сапасын арттыруға ұмтылысымен ерекшеленеді.
Бүгінгі таңда оның жалпы еңбек өтілі 11 жылды құрайды.
2006 жылдан бастап студент кезінде жастар ұйымында белсенді жұмыс жүргізіп, белсенділігінің нәтижесінде 2008 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде жастар ісі жөніндегікомитетінің төрағасы болды.
2006 жылдан бастап «Конгресс» интеллектуалды пікірсайыс клубының мүшесі және одан кейін төрағасы болды әрі республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатысып, бірнеше рет пікірсайыс турнирінің чемпионы және үздік спикері атанды.
2006 жылдан бастап Қазақстан Студенттер Альянсының РСҚ мүшесі болды және қала белсенділерімен 2008 жылдан бастап Семей қаласының Қазақстан Студенттер Альянсы РСҚ бірінші орынбасары болып сайланды.
2008 жылдан бастап Семей қаласы бойынша «Жас Отан» ЖҚ негізін қалаушылардың бірі болып, онда белсенді жұмыс істеді.
2009 жылы Семей қаласы Жастар мәслихатының негізін қалаушылардың бірі болды және сол жылы Семей қаласы Жастар мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2006 жылдан 2010 жылға дейін «Жасыл Ел» жауынгері болып жұмыс істеді,осы кезеңдердеСемей қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы жасағының командирі болды.
2010 жылы «Арман» ШҚ директорының көмекшісі қызметін атқарды.
2012 жылы «Семей медициналық университетінің ЖІК» басшысы қызметін атқарды.
2013 жылы ШҚО бойынша «Жасыл ел» филиалының басшысы қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап Семей қаласындағы Электротехникалық колледжде және Семей қаласының СЖҚЕЖ штабының басшысы болып қатар жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап Астана қаласындағы «ASTANKINO» ЖШС журналисті болып жұмыс істеді.
2020 жылы Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Руханият» РММ басшысы лауазымына ие болды.
Қазіргі уақытта «СИЛИКАТ» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істейді.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.





