Батырбеков Эрлан Гадлетович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Батырбеков Эрлан Гадлетович
    Депутат маслихата

    Батырбеков Эрлан Гадлетович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы, 1961 жылғы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келді.

    1978 жылы Алатау кентіндегі Қазақ КСР Ғылым академиясының Ядролық физика институты жанындағы физика-математика бейініндегі мектепті алтын медальмен бітірдім. 1984 жылы Мәскеу инженерлік-физика институтын, Нобель сыйлығының лауреаты Н.Г. Басовтың кафедрасын бітірді.

    1985-1989 жылдары КСРО Ғылым академиясының Лебедев атындағы Физика институтының аспирантурасында сырттай оқыды, 1990 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, 2009 жылы докторлық диссертацияны қорғады.

    Қазіргі заманғы маркетинг және қаржы (АҚШ Сауда министрлігінің Уортон бизнес мектебі, Вашингтон, Колумбия округі) және бизнесті стратегиялық басқару (Калифорния мемлекеттік университетінің Гарвард Бизнес және экономика мектебі, Калифорния, АҚШ) саласында білім алды.

    2016 жылғы қыркүйекте «Физика» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды.

    Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелдерде жарияланған ядролық энергетика жөніндегі 220-дан астам ғылыми еңбектің, 9 монографияның авторы. 12 өнертабысы бар.

    Бірнеше мемлекеттік наградалары, соның ішінде «Құрмет» ордені де бар.

    Үйленген, екі баласы бар.

    МИФИ-ді аяқтаған соң Ядролық физика институтына жұмысқа қабылданып, инженерден бастап жетекші ғылыми қызметкерге дейінгі еңбек жолын өтті.

    1992-1994 жылдары Иллинойс университетінің (АҚШ) Ядролық инженерия департаментінде физик-зерттеуші ретінде еңбек етті.

    1994 жылдан бастап ҚР ҰЯО Атом энергиясы институтының «Ядролық-энергетикалық қондырғылар физикасы» зертханасын басқарды.

    1996 жылдан бастап қазақстандық-америкалық «КК Интерконнект» бірлескен кәсіпорнының вице-президенті, ал 2004 жылдан бастап президенті болды.

    2009 жылдың мамыр айынан бастап «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директорының бірінші орынбасары болып қызмет еттім. 2011-2012 жылдары қосымша ҚР ҰЯО Ядролық физика институты директорының міндетін атқарды.

    2013 жылғы 3 қаңтардан бастап «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры қызметін атқарады.

    ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі. Қазақстан Республикасы атынан Азиядағы ядролық кооперация форумының үйлестірушісі. Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) дайындық комиссиясының Б жұмыс тобының төрағасы. Қазақстанның Пагуош комитеті төрағасының орынбасары.

    2010 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесімін. Курчатов қалалық мәслихатының екі шақырылымдағы депутаты.

    «ҚР ҰЯО жаршысы», «Адам. Энергия. Атом» журналдарының бас редакторы және ҚР ҰЯО ҒТК төрағасы.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері