
Өмірбаян
Давыдович Олег Олегович, 24.10.1980 жылы туған, Бородулиха ауданының тұрғыны. Бородулиха Н. Островский орта мектебін бітірген. Құқықтану және қаржыгер-экономист мамандықтары бойынша екі жоғары білімім бар.
ЦПН РМК Бас директоры "Үздік басшы" номинациясы бойынша грамотамен, партия Төрағасы НұрОтан-Алғыс хатпен, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ Басқарма Төрағасы және жергілікті атқарушы органдардың көптеген алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған.
Еңбек жолын 1998 жылы жүргізуші болып бастаған. 2002 жылы Бородулиха ауданының білім бөлімінде бухгалтер-экономист мамандығы бойынша, одан әрі 2005 жылы жылжымайтын мүлік орталығының маманы болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының Бородулиха ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы болып табылады.
"AMANAT" партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы штаб мүшесі, Бородулиха ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшесі.
2023 жылдың 4 қазанынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.





