Жанаева Шагангул Алдамжаровна

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Жанаева Шагангул Алдамжаровна
    Депутат маслихата

    Жанаева Шагангул Алдамжаровна

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Жанаева Шагангүл Алдамжарқызы 1965 жылы 2 маусымда Қызылту ауылы, Абай ауданы, Семей облысында дүниеге келген. 1986 жылы филология факультетін Н.К. Крупская атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының үздік дипломымен аяқтады.

    Жаңаева Ш.А. жаңашыл- педагог, зерттеуші,шығармашылық тұлға,жоғары біліктілік санатындағы тәжірибелі маманы, білімі мен біліктілігі, шеберлігі толысқан ұстаз. Колледждегі «Балалар әдебиеті», «Мәнерлеп оқу» пәндерінің бірден-бір білгір маманы. Шағангүл Алдамжарқызының еңбегі қала, облыс көлемінде насихатталып, таратылып келеді.

    Колледжде білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында оқу-материалдық және техникалық базаны нығайту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Шағангүл Алдамжарқызы 120 жылдық тарихы бар - Қазақстандағы көне оқу орнының ғимараттары мен жатақханасының күрделі жөндеуден өтуіне мұрындық болды.

    2013 жылы оқу орнының 110 жылдығына орай оқу орнының тарихы жайындағы «Алаштың білім ордасы» атты танымдық-ғылыми сипаттағы тұңғыш көлемді жинағы, 2018 жылы оқу орнының 115 жылдығына орай «Алаштың білім ордасы» жинағының 2-кітабы шықты.Кітаптың шығуына бастамашы және оның авторы Ш.А.Жанаева болды. Басшы Ш.А.Жанаеваның іскерлігінің арқасында, оқу орны заманауи талапқа сай жабдықталынып, жаңа типті білім беру мекемесіне айналды. Колледжде білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында оқу-материалдық және техникалық базаны нығайту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ш.А.Жанаеваның бастамасымен ел болашағына еңбегін арнаған ұлтжанды азаматтардың, белгілі кәсіпкер-меценаттардың қаржыландыруымен, оқу орнының тарихында тұңғыш рет атаулы оқу кабинеттері ашылды. Белгілі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Сыртқы Істер министрі, дипломат Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Рамазан Құмарбекұлы Сарпеков, «Ақшың» корпорациясының президенті, облыстық мәслихат депутаты Марат Серікжанұлы Құрманбаев, ел ағасы Мәркен Жақияұлы Шайжүнісов пен іскер басшы Тоқан Жақияұлы Шайжүнісов, «Силикат» АҚ президенті, облыстық мәслихат депутаты Борис Тимофеевич Адианов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры, ғалым Ғ.М. Мүтанов, ел тарихын құрмет тұтқан азаматтар Бағлан Салихұлы Шегедеков, қалалық мәслихат депутаты Қайноллан Ролланұлы Мусин демеушілігімен ашылған заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу кабинеттері болашақ мамандардың сапалы білім мен тәрбие алуына зор үлесін қосты.

    1914 жылы «Ибраев+К» өндірістік кәсіпорны бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Ғаббас Төкешұлы Ибраевтың демеушілігімен 20 орындық интернет зал, оқу орнының түлегі, филология ғылымының докторы М. Бөжеевтің қызы Айбарша Бөжееваның демеушілігімен атаулы кабинет ашылды.

    2017 жылдан бастап колледж оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың пилоттық ұйымы және 0105000 – Бастауыш білім беру мамандығы, 0105043 – Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі біліктілігі, 0111000 – Негізгі орта білім беру мамандығы, 0111053 – Техникалық және кәсіптік білім берудегі өзін-өзі тану пәні мұғалімі» біліктілігі бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі(2017-2020 жылдар аралығы) қызметін атқарды. 2020 жылдан жалпы білім беретін қоғамдық пәндердің республикалық оқу әдістемелік бірлестігі.

    2017 жылы Рейтингілеу және аккредитациялаудың тәуелсіз агенттігі жұмыстарының тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша оқу орны институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан өтті. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіндегі оқу-тәрбие үрдісі сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2016 стандарты талаптарына сәйкес деп танылды.

    Ш.А.Жанаеваның жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшінРесей, Қазақстан және Беларусия елдері бірлесіп шығарған «Лучшие люди, Лучшие в образовании: Большая международная энциклопедия» жинағына есімі енді. Шағангүл Алдамжарқызы – колледждегі директорлық қызметін абыроймен атқара жүріп, қаланың, облыстың қоғамдық өміріне белсене араласатын іскер азаматтардың бірі. Семей қаласындағы қазақ мәдени-әлеуметтік орталығының төрайымы, «Семей қаласы әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің, Әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөнінідегі облыстық комиссияның мүшесі. Оқу орнындағы оқытушылардың әлеуметтік жағынан қорғалуын үнемі назарында ұстайды, колледждегі әр қызметкер мен білім алушыға ерекше көңіл бөліп, оның қызметі, тұрмыс жағдайымен танысып отырады. Жастардың адамгершілік тәрбиесіне, ұлтаралық келісім мен халықтар достығын нығайтуға парасаттылықпен көңіл бөледі. Қазір Абай театры мен қалалық мәдениет үйі сахналарында өтіп жатқан білім ордасының «Наурыз», «Наурыз аруы», «Жігіт сұлтаны» іс-шаралары дәстүрге айналған. Шағангүл Алдамжарқызы аталған шаралардың жаңғыруы мен қалыптасуына көп күш жұмсады. Осы ауқымды шараларды өткізуге өзге ұлт өкілдері қатысып, сол арқылы ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтып, отандастар арасында толеранттылыққа тәрбиелеуде.

    2022 жылы 29 қыркүйекте М.О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне іс-сапармен келіп, студенттер мен ұжым жұмысына жоғары баға береді. Ш.А.Жанаева ұлт рухын ұлықтап, саналы ұрпақ қалыптастырудағы ерен еңбегі үшін Республика күні қарсаңында II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталады (2022 ж). 2022 жылғы 26 қарашада ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтің қызметіне ресми кірісуіне орай салтанатты Ұлықтау рәсіміне қатысу мәртебесіне ие болды.

    Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы оқу-тәрбие жұмыстарын, шаруашылық, қаржы мәселелерін оңтайлы шешуде, ата-аналармен қарым-қатынас орнатуда кәсіби сауатты, ұжымдық еңбек процесін орнату менеджментін терең меңгерген білікті басшы, үлкен жүректі Ұстаз.

    Ұлтының бүгіні мен ертеңін ойлаған, өз халқына қызмет ету идеясын терең ұғынғанШағангүл Алдамжарқызының ұстаздық болмысыколледж студенттері мен оқытушыларының, ата-аналар мен қала жұртшылығының құрметіне ие.

    Ш.А. Жанаеваның марапаттаулары:

    ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы, 1996 ж., 2003 ж., 2007 ж.,2018ж.

    ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2003 ж.

    Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі, 2013 ж.

    ШҚО білім басқармасының Алғыс хаты, 2016 ж., 2017 ж.

    ШҚО әкімінің Дипломы, 2016 ж.

    ҚР «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін» медалі, 2016 ж.

    ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіхалықованың Дипломы, 2016 ж.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы, 2017 ж.

    «Қалаға сіңірген еңбек үшін» төсбелгісі, 2019 ж.

    ШҚО білім басқармасы Дипломы, 2019 ж.

    ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Алғыс хаты, 2020 ж.

    Семей қаласының әкімінің Алғыс хаты, 2020ж

    Білім мазмұнын сараптау орталығы Е.Нұрлановтың Құрмет грамотасы, 2021ж

    ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2021ж.

    «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2021ж.

    ШҚО білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2021ж.

    Абай облысысың әкімінің Алғыс хаты, 2022ж.

    II дәрежелі «Барыс» ордені, 2022ж.

    ҚР Оқу-Ағарту Министрлігі Білім Мазмұнын Сараптау орталығының Алғыс Хаты, 2022ж.

    «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, 2022 ж.

    1986 жылы Шағангүл Алдамжарқызы Құндызды орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

    1988 жылы «Семей таңы» газетінің редакциясына корректор болып қабылданды.

    1989 жылы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайына экскурсовод ретінде қабылданса, сол жылы мұражайға хатшы-машинист болып ауыстырылды.

    1990 жылы бұқаралық экспозиция бөлімінің аға қызметкері, сол жылдың қараша айында бұқаралық экспозиция бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылды.

    1992 жылдың қыркүйегінен бастап М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық училищесіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде қызметке қабылданды.

    2010 жылдың 2 шілдесінен бастап М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры болып тағайындалды.

    Amanat партиясының мүшесі.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері