Қарт Мерей Мейртайұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Қарт Мерей Мейртайұлы
    Депутат маслихата

    Қарт Мерей Мейртайұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Мерей Қарт 4 желтоқсан 1989 жылы қазыргі Абай облысы, Ақсуат ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге келді. 1996 жылы Үштөбе ауылындағы Өкпеті орта мектебіне барды. 2003 жылы Алматы қаласы Дарында балаларға арналған мектеп лицейіне барып 2007 жылы тәмамдады.

    2007 жылы Семей қаласындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институына «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» мамандығына оқуға түсіп 2011 жылы оқуды бітірді.

    2012 - 2014 жылдары Қазақ Иновациялық Гуманитарлық Заң Университетінде «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» магистратурасында оқып, бітірді.

    Жетістіктері:

    ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты.

    Т.Айбергенов төсбелгісінің иегері.

    ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры өткізген Республикалық «Алтын Тобылғы» әдеби байқауының Гран-при иегері.

    Республикалық «Алтын Тұғыр» әдеби байқауының жеңімпазы болды.

    Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

    2011 – 2014 жылдары Қазақстан Ұлттық телеарнасы Семей қалалық филиалында редактор-режиссер, тележүргізуші қазметін атқарды.

    2014 – 2020 жылдары Абай атындағы облыстық музыкалы драма театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды.

    2015 – 2016 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Ғылыми қызметкері» болып,

    2018 жылдан бастап Қазақстан жазушылар одағы Семей қалалық филиалында Төраға қызметінде.

    "AMANAT" партиясының мүшесі.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері