
Өмірбаян
Қойжайғанов Нұрлан Алтынбекұлы 27.03.1977 ж.т. Семей облысы, Аягөз ауданы,Тарбағатай ауылы. Ұлты- қазақ.
Білімі:
1992 ж. – Аягөз қаласының № 2 орта мектебін бітірген.
1994 ж. – Семей қаласының № 13 училище, мамандығы ІІІ-дәрежелі құрылыс ағаш ұстасы.
1999 ж. – Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институты, мамандағы «Дене шынықтыру және спорт», біліктілігі «Дене шынықтыру оқытушы-мұғалім».
Әскери борыншын өтеу:
1999ж. Семей қалалық әскери комиссариатымен әскери борыншын өтуге шақырылған. Атқарды ә/б № 4396, қатардағы жауынгер.
Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.
Спорттық жарыстарға қатысқан:
1995 ж. – Жастар арасында грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Иран Тегеран қаласы).
1996 ж. – «А» санаттық турниры (Швеция Хапаранда қаласы).
1997ж. – Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Финляндия Турку қаласы).
1998 ж. – Үлкендер арасында грек-рим күресінен Азия ойындары (Таиланд).
1998 ж. - Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Швеция Гальбе қаласы).
1999 ж. - Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Греция Афина қаласы).
2001 ж. - Грек-рим күресінен Азия ойындары (Япония Осака қаласы).
2002 ж. - Грек-рим күресінен Азия ойындары (Оңтүстік Корея Пусан қаласы).
2003 ж. - Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты (Франция Париж қаласы).
2004 ж. – Афина олимпиада ойындары (Греция).
2005 ж. – Грек-рим күресінен Азия чемпионаты (Китай Ухань қаласы).
Жетістіктері:
Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ерлер арасында, Азия, Әлем кубогының иегері, Шығыс Азия ойындарының күміс жүлдегері. Орта Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері, Афина Олимпиадасына қатысушы. Қазақстан Республикасының 11 дүркін чемпионы.
Грек-рим күресінен «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» (куәлік № 141 Бұйрық № 1-2-6/363 26.05.1998 ж.).
Марапаттау:
«Аягөз ауданының Құрметті азаматы» куәлік № 68 (2007 ж. Афина олимпиада ойындарының қатысушысы).
Еңбек қызметі:
02.09.1996 -01.04.1998ж. Семей қаласының облыстық БЖСМ грек-рим күресінен жаттықтырушы оқытушы-жаттықтырушы;
01.04.1998 -06.03.2000ж. «Дзюдо» кәсіподақспорт клубына оқытушы-жаттықтырушыға ауыстырылды;
01.09.2000-20.03.2007ж. Семей қаласының грек-рим күресінен оқытушы-жаттықтырушы;
20.03.2007 – 01.04.2010 ж. Уақытша жұмыс істемеген;
01.04.2010 –26.11.2013 ж. - «Семей қаласының ОРМБЖСМ» грек-рим күресінен оқытушы-жаттықтырушы;
26.11.2013-24.12.2013 ж. – Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жарма ауданының БЖСМ» ММ-нің директорының міндетін атқарушысы міндетіне ауыстырылды;
24.12.2013 ж. – Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жарма ауданының БЖСМ» ММ-нің директоры болып тағайындалды.
24.12.2013жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жарма ауданының БЖСМ» ММ-нің директоры болып атқарады.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.





