Майжанов Уалихан Тукенович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Майжанов Уалихан Тукенович
    Мәслихат депутат

    Майжанов Уалихан Тукенович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Майжанов Уалихан Төкенұлы 1961 жылы 9 мамырда Семей облысы Новошульба ауданы Буркотово ауылында дүниеге келген.

    1978 жылы Буркотово ауылының орта мектебін бітірген.

    1984 жылы Семей мал дәрігерлік институтын бітіріп, зооинженер мамандығын алды. Студенттік жылдары оқуда үздік оқып, қоғамдқ өмірдегі табыстары үшін институт әкімшілігі тарапынан бірнеше мәрте мадақтауға ие болып, кешкісін екі жылдық әлеуметтік ғылымдар факультетін бітірді.

    Еңбек жолын институтты бітіргеннен кейін туған ауылына оралып, бөлімшенің зоотехнигі болып бастаған.

    1986 жылдан – босатылған комсомол жұмысында; комсомол комитетінің хатшысы, комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Новошульба аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. Белсенді жұмысы үшін Қазақстан комсомолы ОК Құрмет грамотасымен, БЛКЖО ОК төсбелгісімен марапатталды, Қазақстан БЛКЖО 16 съезінің делегаты болып сайланды.

    1991 жылы жалпы жиналыста «Красный Қазақстан» совхозы парткомының босатылған хатшысы болп сайланды. Сол шаруашылықта қолөнерші, директордың орынбасары, жұмыс жабдықтау бөлімі бастығы болып жұмыс істеді.

    1998 жылы Песчанка ауылына көшіп келіп, «Леснинское» ААҚ президенті болып тағайындалды.

    1999 жылы Бородулиха ауданының ірі шаруашылықтарның бірі «СФ Песчанка» ЖШС директоры болып сайланды. Содан кейін «Песчанское» ШҚ басшысы болып жұмыс істеді. Осы кезеңде облыс және аудан басшылығының грамоталарымен бірнеше рет көтермеленді.

    2005 жылы Уәлихан Төкенұлы Новошульба аулдық округінің әкімі болып тағайындалды.

    2012 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін – V, VI, VII сайланған Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастан VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.

    Абай облысы мәслихатының агроөнеркәсіптік кешен мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері