
Өмірбаян
Қойгелдин Ержан Тұрсынханұлы 1964 жылы 15 қыркүйекте Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлкен Бөкен ауылында дүниеге келген. Көкпекті ауылындағы мектепті бітірген.
1982-1987 жылдары Алматы ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы бойынша бітірген.
1990 жылы АӨК Республикалық жоғары мектебін - ауыл шаруашылығы кәсіпорнын ұйымдастырушы мамандығын бітірген.
1999 жылы Қайнар университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
"Құрмет" ордені, "Ерен Еңбегі үшін" медалі, Қазақстанның мерейтойлық медальдары бар.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 1981 жылы Аухадиев Қойгелді колхозында МТМ слесарі болып бастаған.
1987 жылдан бастап Аухадиев Қойгелді колхозының № 2 бөлімшесінде агроном болып жұмыс істеді.
1991 жылдан Көкпекті ауданы Ұзынбұлақ кеңшарының бас экономисі.
1994 жылдан бастап Көкпекті ауданының Ленин колхозының төрағасы.
1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Өрнек" ЖШС директоры болып жұмыс істейді.
Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.





