
Өмірбаян
Қасенов Қайырлы Амангелдиевич1980 жылы 17 қазанда, Семей облысы Ақсуат ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келді. Үйленген, 4 баланың әкесі. Екпін ауылындағы Ысқақ Кабеков атындағы орта мектепті бітірді.
1997 жылдан 2000 жылға дейін педагогика және психология мамандығы бойынша«Семей педагогикалық колледжінде»оқыды.
2000 жылдан 2003 жылға дейін «Семей Мұхтар Әуезов атындағы университетте» педагогика және психология мамандығы бойынша оқыды.
2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өндірістік басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімінің «Қәсіпкерлік саласындағы жемісті еңбегі үшін» Алғыс хатымен марапатталды.
2018 жылы «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының Алғыс хатын алды.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 желтоқсанындағы Жарлығымен «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.
2019 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғыс хатымен марапатталды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2021 жылдан бастап Тарбағатай аудандық маслихат депутаты.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығының саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.
Өзінің алғашқы еңбек жолын 2000-2006жылдар аралығындаАққала бастауыш мектебінде мұғалім және мектеп меңгерушісі болып қызмет істеп бастаған.
2004 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» марапатталған.
2006-2007 жылы аралығында ауыл әкімшілігінде нұсқаушы болып және аудандық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі болып қызмет атқарған.
2008 жылдан бастап жеке шаруа «Маулит» шаруа қожалығын ашқан.
2021 жылдан бастап «Жансерик К.А.» ЖШС құрылыс компаниясының директоры.
2022 жылдан бастап Ақсуат аудандық маслихат депутаты.
2022 жылдан бастап Абай облысы қоғамдық кеңес мүшесі.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы маслихатының депутаты.





