Таңатаров Саят Замамбекұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Таңатаров Саят Замамбекұлы
    Депутат маслихата

    Таңатаров Саят Замамбекұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Танатаров Саят Замамбекұлы, 1968 жылы 5 сәуірде Семей облысында дүниеге келдім. 1985 жылы Жарма ауданының Октябрь орта мектебін аяқтады.

    1995 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтадым.

    1995-1996 жылдары Семей қаласының Облыстық наркологиялық диспансерінде психиатрия және наркология бойынша интернатурадан өтті.

    2015 жылы Семей қаласының Қазақинновациялық университетін Экономика және бизнес бакалавры Экономика мамандығы бойынша аяқтадым.

    Имеют Ученые степени: «Доктор медицинских наук», «Магистр экономики и бизнеса», а также ученое звание «Профессор НАО «МУС».

    Ғылыми дәрежелері: «Медицина ғылымдарының Докторы», «Экономика және бизнес магистрі», сондай-ақ «СУМ» КеАҚ профессоры» ғылыми атағы.

    «Абай облысының орта медицина қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Президентімі, Қазақстан Республикасының анестезиолог-реаниматологтартар Федерациясының мүшесі, «Денсаулық сақтау мамандарының Ұлттық лигасы» РҚБ құрылтайшысы. Сондай-ақ, Абай облысының мейірбике ісі жөніндегі Абай облысының ДСБ бас маманымы, Абай облысының COVID - 19 бойынша бас үйлестірушісі, анестезиолог-реаниматологы.

    Мемлекеттік марапаттары: КСРО Қорғаныс министрлігінің екінші дәрежелі «Әскери қызметтегі үздігі үшін» медалімен марапатталған. 2010 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша кафедралармен ПОҚ арасындағы рейтинг қорытындысы бойынша «Үздік оқытушы» номинациясын жеңіп алғаны үшін Грамотамен марапатталды. Денсаулық сақтау басқармасының Медицина қызметкері күніне арналған Құрмет грамотасы, 17.06.2011 жылғы №44 бұйрығы.«Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» медалі №668 куәлік. «Құрметті түлек» медалі №108 куәлік, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті. «Шығыс Қазақстан облысын білім саласына қосқан үлесі үшін» білім басқармасының грамотасы. «Денсаулық сақтау үздігі», «Білім беру саласының құрметті қызметкері», «білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі және «Экономика мақтанышы» Ордені.

    2022 жылы Әділетті Қазақстанды құруға белсенді қатысқаны үшін, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінен «Алғыс хат», 2022 жылы «Amanat» партиясының төрағасының "Алғыс хаты", 2023 жылы «AMANAT» партиясының төрағасынының "Құрмет грамотасымен» марапатталды.

    1996 жылдан бастап Семей қаласының онкологиялық диспансерінде дәрігер анестезиолог - реаниматолог болып жұмыс істеді.

    Қосымша Семей қаласының Орталық қалалық ауруханасында және №3 перзентханасында дәрігер анестезиолог – реаниматолог болып қызмет етті.

    2002 жылдан бастап анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет еттім, қосымша СММА жанындағы онкология кафедрасының көмекшісі болып жұмыс істеді.

    2013 жылы «Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері болып тағайындалды.

    2014 жылдың тамыз айында «Д. Қалматаев атындағы Мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры болып тағайындалды.

    2024 жылдың ақпан айында Абай облысының ДСБ «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК директорының м.а. болып тағайындалды.

    2024 жылдың тамызында «Д. Қалматаев атындағы Мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директорының м.а. болып тағайындалды.

    2024 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК директоры болып қықмет етіп келеді.

    Сондай-ақ, осы уақытқа дейін «СМУ» КЕАҚ онкология кафедрасының ассистенті болып қосымша жұмыс істейді.

    "АMANAT" партиясының мүшесі.

    2025 жылдың 10 сәуірінен бастап Абай облысы мәслихатының VIII шақырылым депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері