Құрманбай Марат Серікжанұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Құрманбай Марат Серікжанұлы
    Депутат маслихата

    Құрманбай Марат Серікжанұлы

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Құрманбай Марат Серікжанұлы 1961 жылы Семей қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген.

    1987 жылы политехникумды, 1994 жылы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Қазақ Мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Қазақстанның саясаты мен экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған. Шығыс Қазақстан халықтарының тарихи, мәдени және рухани мұрасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс» медалінің иегері. Шығыс Қазақстан облысы бойынша «2003 жылдың үздік меценаты», ал 2008 жылы «Білім меценаты» деп танылып, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» және өзге де көптеген мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Жыл сайынғы «Ізгілікті ниет» марафонына белсенді қатысқандығы үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мейірімділік саласында «Жыл адамы» деп танылып облыс әкімінің Дипломы мен, қайырымдылық Кубогін иеленді.

    2009 жылы «Алтын Жүрек» ұлттық қоғамдық премиясының «Спортты дамытуға және қолдау көрсеткені үшін» аталымы бойынша лауреат атанды. 2017 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлы үш биіміздің бірі - Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығын атап өтуге арналған шарада ресми қонақтарды күтуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және тойдың лайықты өтуіне сүбелі үлес қосқаны үшін арнайы медальмен және Алғыс хатқа ие болды.

    2009 жылы ел экономикасындағы, әлеуметтік саладағы, ғылым мен мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі жеткен жетістіктері үшін мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, сол жылы Семей қаласының «Семей Қаласының құрметті азаматы» атағын иеленді.

    2018 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

    Бүгінгі күнге дейін көптеген кітаптардың жарыққа шығуына меценаттық танытты. Атап айтқанда, Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Шәкәрімтану мәселелері» атты 5 томдық сериялық ғылыми жинақтың, «Шәкәрімтану мәселелері» топтамасының, «Шығыс Қазақстан энциклопедиясының» және «Семей қасіреті» және тағы басқа көптеген жинақтардың жарық көруіне қолдау көрсетті.

    Қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарымен тұрақты айналысады. Мұқтаж жандарға қол ұшын берумен қатар қоғамдық ұйымдар мен қорларға, ардагерлер Кеңесіне, сәбилер мен балалар үйлеріне, спортшыларға, мектептерге, ұлттық орталықтарға, мәдениет және ғылым қайраткерлеріне үнемі демеушілік көмек көрсетіп келеді.

    Үйленген, 3 ұл,10 немере тәрбиелеп отыр.

    Орта мектепті бітірген соң еңбек жолын ет-консерві комбинатында бастаған. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген соң бұрынғы жұмыс орнына оралды.

    1987 жылы политехникумды, 1994 жылы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Қазақ Мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    1985 жылы Жоламан кентінің көше комитетінің төрағасы болып сайланды. 1989 жылдан 1993 жылға дейін Семей қалалық кеңесінің депутаты болды. Осы жылдары Жоламан кентінде алғашқы қазақ орта мектебінің салынуы туралы көтерген мәселе оң шешімін тауып, бүгінде №21 орта мектепте бір мыңнан астам қазақ балалары білім нәрімен сусындауда.

    1991 жылдан бизнеспен айналысады. «Гранит» кооперативінде брокер болып жұмыс істеді, кейіннен «Олжа» деп аталған өз фирмасын ашты, фирманың негізгі міндеті – жабық базардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру болатын. 1993 жылдан «Семей Базары» ЖШС басшысы. Ал, 2008 жылдың 2 маусым айынан бастап «Семей Базарының», «АҚШЫҢ» КОРПОРАЦИЯСЫ» деп атауының өзгеруіне байланысты, «Азамат» күзет қызметін, «Семей Вет» ветеринарлық лабораториясын, «Жан Жақ» кешенін, «Жаңа Құрлыс Сервис» компаниясын, және АҚШЫҢ сауда орталығын біріктірген «АҚШЫҢ» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ» президенті.

    Қазақстан Республикасы сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы қауымдастығының вице-президенті. ШҚО кикбоксинг және тай боксі Федерациясының президенті, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері» және 2009 жылы Семей ядролық сынақ полигонынан​ зардап шеккен аймақ тұрғындарын әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-мәдени дамуын қолдау мақсатында құрылған «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының президенті. Сонымен қатар, «Комитет Полигон 21» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы.

    Марат Серікжанұлы 3 шақырылымда Семей қалалық мәслихаттың және 2 шақырылымда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаты болды.

    Қазіргі уақытта Абай облысының №1 бірмандаттық сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері