Жоламанов Шалкар Турысбекович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Жоламанов Шалкар Турысбекович
    Депутат маслихата

    Жоламанов Шалкар Турысбекович

    Абай облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Жоламанов Шалқар Тұрысбекұлы 1979 жылы 14 наурызда Семей облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген.

    Ұлты - қазақ.

    Ана тілі - Қазақ тілі, Орыс тілін –еркін меңгерген.

    1996 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтына "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2000 жылы Қазақтың мемлекеттік Спорт және туризм академиясын бітіріп 2000 жылғы 16 маусымдағы ЖБ № 0133027 дипломын алды. "Дене шынықтыру оқытушысы, жаттықтырушы" біліктілігі берілді.

    2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетіне "іскерлік әкімшілік жүргізу" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 11.07.2019 жылғы ЖООК-М № 0172036 дипломын алды. Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.

    Мектеп жасынан бастап күреспен айналыса бастаған. Қазақ күресінен және самбо күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберімі, сондай-ақ дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері болып табылады. Дзюдо, самбо және қазақ күресінен ҚР Чемпионаттарының және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. 2011 жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің қола жүлдегері және 2012 жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің күміс жүлдегері. 2010 жылы қазақ күресінен әлем чемпионы болды. Самбо күресінен 2000-2003 ж. ж. Азия чемпионы атанды.

    2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының төрешілер алқасының төрағасы болды. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының тәртіптік алқасының төрағасы болып табылады.

    ҚР Президентінің 2022 жылғы 17 наурыздағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

    Отбасы жағдайы-үйленген. 3 бала тәрбиелеп отыр.

    03.2002 жылдан 01.2015 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы бойынша №1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебі" КММ самбо күресі бойынша жаттықтырушы – оқытушы болып жұмыс істеді.

    01.2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы "Семей қаласының балалар – жасөспірімдер спорт мектебі" КММ директоры болып қызмет атқарады. Спорттық қызметтегі жалпы өтілі 19 жылды құрайды.

    Amanat партиясының мүшесі.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIII шақырылған Абай облысы мәслихатының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері