Қызметкерлер — Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты

    Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы
    Қызметкерлер

    Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы

    Мәслихат төрағасы

    Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы 1957 жылы 10 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты «Физика» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2000 жылы Москваның Мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.

    Басқа қызметкерлер

    25
    Тұрғанбаев Нұрлан Бахытжанұлы
    Қызметкерлер

    Тұрғанбаев Нұрлан Бахытжанұлы

    Депутат

    Тұрғанбаев Нұрлан Бақытжанұлы 1979 жылы 30 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универистетін «Мемлекеттік және муниципиалдық басқару» мамамандығы бойынша бітірген.

    Сыздықов Бахтияр Нұрділдаұлы
    Қызметкерлер

    Сыздықов Бахтияр Нұрділдаұлы

    Депутат

    Сыздықов Бахтияр Нұрділдаұлы 1984 жылы 13 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін «тау-кен инженері» мамандығы бойынша, 2014 жылы М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін /КазГЮУ/ «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген.

    Байсеитов Ғибрат Мұратұлы
    Қызметкерлер

    Байсеитов Ғибрат Мұратұлы

    Депутат

    Байсеитов Ғибрат Мұратұлы 1989 жылы 2 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2007 жылы Қызылорда қаласындағы №3 мектеп-гимназиясын, 2010 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ колледжін, 2012 жылы Болашақ университетін «мұнайшы» мамандығы бойынша бітірген.

    Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы
    Қызметкерлер

    Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы

    депутат

    Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы 1972 жылы 2 тамызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Алматы облысында орта мектепті, 1994 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтың «Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бiтiрген.

    Абдуқалықов Мұса Жақыпұлы
    Қызметкерлер

    Абдуқалықов Мұса Жақыпұлы

    Депутат

    Абдухалықов Муса Жақыпұлы 1963 жылы 8 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. 1971-1975 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы №41 М.Ломоносов атындағы орта мектебінде, 1976-1979 жылдары Қызылорда қаласындағы №235 орта мектепті аяқтаған соң №120 орта кәсіптік техникалық училищесінде білім алған. 1981-1986 жылдары Ленинград қаласындағы «Су көлігі және порттар» институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген.

    Әбіләзім Әбдіғабит Әбіләзімұлы
    Қызметкерлер

    Әбіләзім Әбдіғабит Әбіләзімұлы

    Депутат

    Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы 1964 жылы 24 қазанда Қызылорда облысы, Жанақорған ауданында дүниеге келді. 1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «педиатр» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қызылорда Қорқыт-Ата атындағы университетін, «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

    Мақаш Талғат Бақытбекұлы
    Қызметкерлер

    Мақаш Талғат Бақытбекұлы

    Депутат

    Мақаш Талғат Бақытбекұлы 1974 жылы 19 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін 1996 жылы музыка мамандығы бойынша, «Болашақ» университетін 2010 жылы экономика мамандығы бойынша бітірген.

    Мампаев Әжібек Алғашбекұлы
    Мәслихат депутат

    Мампаев Әжібек Алғашбекұлы

    Депутат

    Мампаев Әжібек Алғашбекұлы 1964 жылы 20 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлік институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.

    Төлеген Бауыржан Төлегенұлы
    Қызметкерлер

    Төлеген Бауыржан Төлегенұлы

    Депутат

    Төлеген Бауыржан Төлегенұлы 13 қаңтар 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2008 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясынан «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.

    Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы
    Қызметкерлер

    Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы

    Депутат

    Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы 1988 жылы 31 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «құрылысшы», 2014 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының магистрі.

    Басықараев Ибраким Асхарұлы
    Қызметкерлер

    Басықараев Ибраким Асхарұлы

    Депутат

    Басықараев Ибраким Асхарұлы 22 қаңтар 1961 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1984 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.

    Базарбай Еркін Базарбайұлы
    Қызметкерлер

    Базарбай Еркін Базарбайұлы

    Депутат

    Базарбай Еркін Базарбайұлы 1988 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш кентінде дүниеге келген. 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «қаржыгер», 2012 жылы «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

    Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы
    Мәслихат депутат

    Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы

    Депутат

    Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы 1969 жылы 6 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтын «тарих, адам және қоғам пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.

    Бисенова Маржан Қылышбайқызы
    Қызметкерлер

    Бисенова Маржан Қылышбайқызы

    Депутат

    Бисенова Маржан Қылышбайқызы 1981 жылғы 21 мамырда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Ысқақова Раушан Жәдігерқызы
    Қызметкерлер

    Ысқақова Раушан Жәдігерқызы

    Депутат

    Ысқақова Раушан Жәдігерқызы 1969 жылы 16 наурызда Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында дүниеге келген.

    Нұртазаев Ерлан Бахытұлы
    Қызметкерлер

    Нұртазаев Ерлан Бахытұлы

    Депутат

    Нұртазаев Ерлан Бахытұлы 1977 жылы 12 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы №169 орта мектебін, 1998 жылы «Абай» атындағы Алматы университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.

    Еркебаев Бауыржан Еркебайұлы
    Қызметкерлер

    Еркебаев Бауыржан Еркебайұлы

    Депутат

    Еркебаев Бауыржан Еркебайұлы 1984 жылы 16 маусымда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Тереңөзек поселкесінде дүниеге келген. 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2014 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Ізтілеуов Рүстем Серікұлы
    Қызметкерлер

    Ізтілеуов Рүстем Серікұлы

    Депутат

    Ізтілеуов Рүстем Серікұлы 1985 жылы 22ші тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келді. 2003 – 2007 жылдары Қызылорда Қорқыт ата атындағы жоғары оқу орыны “Мемлекеттік жергілікті басқару ” мамандығын игерді. 2021-2023 жылы Қызылорда Қорқыт ата атындағы жоғары оқу орыны - «Құрылыс» мамандығын игерді.

    Нарбаев Еркебұлан Елікбайұлы
    Мәслихат депутат

    Нарбаев Еркебұлан Елікбайұлы

    Депутат

    1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құрылыс» мамандығын және Silk Way халықаралық университетінің «экономист» мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімін аяқтаған.

    Төлегенова Ақманат Мұратқызы
    Мәслихат депутат

    Төлегенова Ақманат Мұратқызы

    Депутат

    Төлегенова Ақманат Мұратқызы 1979 жылы 13 қаңтар күні Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

    Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы
    Мәслихат депутат

    Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы

    Депутат

    Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы 1964 жылы 8 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Киров ауылында дүниеге келген. 1982 жылы №143 қазақ орта мектебін бітірген.