
Басықараев Ибраким Асхарұлы
Депутат
Өмірбаян
Басықараев Ибраким Асхарұлы 22 қаңтар 1961 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген.
Білімі - жоғары. 1984 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын ПМК-1609 мекемесінде тас қалаушы болып бастаған.
1984 жылы тамыз айында Шиелі жол дистанциясында жол жөндеуші болып жұмыс атқарған. 1985-1997 жылдар аралығында Қызылорда жол дистанциясында күрделі жөндеу жұмысы жөніндегі шебер, өндірістік оқыту жөніндегі шебер, жол шебері, өндірістік-техникалық бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
1997 жылдың мамырынан бастап Қызылорда жол дистанциясының бас инженері.
2000 - 2011 жылдары Қызылорда жол бөлімшесінің бас инженері болып қызмет атқарған.
2002 - 2009 жылдар аралығында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директорының орынбасары қызметін атқарған.
2009-2024 жылдары аралығы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры қызметін атқарды.
Еңбек өтілі 45 жыл, салада 40 жыл.
VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
«Amanat» партиясының мүшесі.





