1974-1993 жылдары ОРС НОД-12 мекемесінде жұмысшы, студент, Шиелі ауданындағы № 181 орта мектеп мұғалімі, Сырдария ауданындағы
№ 144 орта мектептің мұғалімі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
1993-1995 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінің инспекторы, қала әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің маманы, консультанты, 1995-1996 жылдары Қызылорда қалалық жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы, 1996-98 жылдары қала әкімшілігі ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, 1998-2004 жылдары облыс әкімдігі ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, 2004-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы, 2016 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жыл сәуір айынан - 2021 жылғы қаңтарға дейін бастап И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің директоры.
2021 жылғы қаңтар-2023 жылғы қаңтарға дейін VII шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихат төрағасы;
2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIIІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың төрағасы қызметін атқарып келеді.
IV,V, VII, VІII Қызылорда қалалық мәслихатының және VI шақырылымдағы Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.
«Amanat» партиясының Қызылорда қалалық филиалының төрағасы.
«Құрмет» орденінің иегері.
Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
Ел Президентінің инаугурациясының, «Нұр Отан» партиясы съезінің бірнеше рет сайланған делегаты.
И.Құттықожаев кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында 2002 жылы Мәскеу қаласында, 2006 жылы Америка Құрама Штаттарында, 2009 жылы Германияда, 2010 жылы Францияда, 2011 жылы Ұлыбританияда болған.
Атқарған қызметіне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентінің төсбелгісімен, «Нұр Отан» партиясының Белсенді қызметі үшін омырау белгісі; Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетінің «Үздік түлегі» төсбелгісімен , мерекелік медальдармен «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» марапатталды.

