
Базарбай Еркін Базарбайұлы
Депутат
Өмірбаян
Базарбай Еркін Базарбайұлы 1988 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш кентінде дүниеге келген.
2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «қаржыгер», 2012 жылы «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инспекторы қызметінен бастаған.
2013-2014 жылдары облыстық мәдениет басқармасының бас маманы, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, Жалағаш ауданында «Ақниет» сауда дүкенін ашқан.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласында жеке кәсіппен айналысуда.
2018 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл кәсіпкері» номинациясымен марапатталған. 2019 жылы облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хатымен марапатталған.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған.
Отбасылы, 4 бала тәрбилеп отыр.
Жалағаш аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты.
VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Қалалық мәслихаттың коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«Amanat» партиясының мүшесі.





