Мақаш Талғат Бақытбекұлы

    Депутат

    Мақаш Талғат Бақытбекұлы
    Депутат маслихата

    Мақаш Талғат Бақытбекұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Мақаш Талғат Бақытбекұлы 1974 жылы 19 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін 1996 жылы музыка мамандығы бойынша, «Болашақ» университетін 2010 жылы экономика мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда қаласындағы №4 музыка мектебінде мұғалім болып бастап, 1998-2002 жылдары №189 орта мектепте мұғалім, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

    2002-2003 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының маманы және жетекші маманы болып қызмет еткен.

    2003 жылғы ақпаннан 2005 жылғы қаңтарға дейін Қызылорда калалық мәдениет бөлімінің бастығы қызметінде болған.

    2005-2006 жылдары қалалық білім бөлімінің, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және Қызылорда облысының мәдениет басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған.

    2006-2011 жылдары Қызылорда облысының мәдениет басқармасына қарасты «Халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының директоры, Ескерткіштер мен мәдени мұраларды қорғау орталығы директорының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

    2011 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясының директоры қызметін атқаруда.

    Талғат Бақытбекұлы облыс мәдениетінің артуына, халық шығармашылығының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері атанып, мемлекет басшының «Алғыс хатымен» және Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен», ҚР Ұлттық бизнес рейтинг ұйымының «Гордость экономики» орденімен, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25», «Қазақстан Республикасы маслихаттарына 25 жыл», «Ғарыш айлағына 60 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. 2024 жылдың 24 қазанында "Ерен еңбегі үшін" наградасымен марапатталды.

    Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

    VI, VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

    Қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Қызылорда қалалық мәслихатындағы «Amanat» партиясының депутаттық фракциясы жетекшісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері