
Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы
депутат
Өмірбаян
Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы 1972 жылы 2 тамызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында дүниеге келген.
1989 жылы Алматы облысында орта мектепті, 1994 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтың «Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бiтiрген.
2006 жылы «Қазiргi саясаткердiң тілдік тұлғасы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленген.
1995-2003 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты филология факультеті деканының орынбасары, орыс филология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, 2003-2008 жылдары Алматы үздiксiз бiлiм беру университетінің оқу iсi жөніндегі проректоры, 2008-2011 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінің директоры, 2011-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметтерін атқарған.
2020 жылдан бастап «Қорқыт Ата атындагы Қызылорда университеті» ҚЕ АҚ Басқарма төрағасы-Ректоры қызметін атқарып келеді.
ҚР Білім және ғылым министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Астана қаласынын 20 жылдығы» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік медалімен, ҚР Білім және Ғылым министрлiгiнiң «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, Тұңғыш Президент-Елбасының «Алғыс хатымен», ҚР Парламенті Сенатының Алғысымен, Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.
2024 жылдың 24 қазанында "Ерен еңбегі үшін" наградасымен марапатталды.
Отбасылы. Немере тәрбиелеп отыр.
VII, VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





