Еркебаев Бауыржан Еркебайұлы
Депутат
Өмірбаян
Еркебаев Бауыржан Еркебайұлы 1984 жылы 16 маусымда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Тереңөзек поселкесінде дүниеге келген.
2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша,
2014 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002-2007 жылдары Қызылорда қаласы «Монтажспецстрой» ЖШС-да жұмысшы, слесарь-монтаждаушы, сапа-бақылау инженері қызметтерін атқарған.
2007-2008 жылдары МКО «Астана-Финанс» филиал директоры болып, 2009 жылдан бастап «BAUER group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарып келеді.
«BAUER group» және «Дента-Люкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрылтайшысы.
Бірнеше рет облыс, қала әкімдерінің Алғыс хаттармен марапатталған. Отбасылы.
VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Қалалық мәслихаттың коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«Amanat» партиясының мүшесі.