
Ысқақова Раушан Жәдігерқызы
Депутат
Өмірбаян
Ысқақова Раушан Жәдігерқызы 1969 жылы 16 наурызда Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1986 жылы №224 Өзгент орта мектебінде тәлімгер болып бастаған.
1991 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық училищесін «Мектеп жасына дейінгі мекемедегі тәрбие ісі» мамандығы бойынша, 2008 жылы Болашақ университетін «педагог-психолог» мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылы №2 «Ұлан» балабақшасында тәрбиеші, 2000 жылы Шиелі ауданындағы №46 орта мектепте «Салауатты өмір салты» пәнінің мұғалімі,
2005 жылы «Ақыл-есі кем балалар» интернатында әдіскер, 2015 жылы қалалық білім бөлімінің «Педагогикалық-түзету» кабинетінде меңгеруші қызметтерін атқарған.
2013-2023 жылдары аралығында «Сыр еркесі» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2023 жылдан бастап № 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры қызметін атқарып келеді.
Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
Отбасылы, 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеуде.
VII, VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«Amanat» партиясының мүшесі.





