
Мампаев Әжібек Алғашбекұлы
Депутат
Өмірбаян
Мампаев Әжібек Алғашбекұлы 1964 жылы 20 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
1992 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлік институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.
1992 жылдан бастап Жаңақорған ауданы су шаруашылығы мекемесінің инженер-гидротехник, 1998 жылдан «Асыл» шаруа қожалығының директоры, 1999 жылдан «Зеленстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры, 2013 жылдан «Тұңғыш Президент» атындағы саябақтың директоры қызметтерін атқарды.
2018 жылдан бастап «Зеленстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры қызметінде.
2023 жылдың желтоқсан айынан 2024 жылдың тамыз айына дейін "Жасыл Қызылорда" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директоры болып жұмыс атқарды.
Жеке кәсіпкер.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, облыс, қала әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қызылорда облысына 70 жыл», «Қызылорда қаласына 190 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы», «Жанқожа батыр – 240 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған. «Жылдың үздік көгалдандырушысы» номинациясының иегері. 2024 жылдың 24 қазанында "Ерен еңбегі үшін" наградасымен марапатталды.
Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.
VI, VIII шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«Amanat» партиясының мүшесі.





