
Абдуқалықов Мұса Жақыпұлы
Депутат
Өмірбаян
Абдухалықов Муса Жақыпұлы 1963 жылы 8 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген.
1971-1975 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы №41 М.Ломоносов атындағы орта мектебінде, 1976-1979 жылдары Қызылорда қаласындағы №235 орта мектепті аяқтаған соң №120 орта кәсіптік техникалық училищесінде білім алған. 1981-1986 жылдары Ленинград қаласындағы «Су көлігі және порттар» институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда қаласындағы «ПМК-29» мекемесінде шебер қызметінде бастаған. 1988-1990 жылдар аралығында «Жилстрой» құрылыс басқармасында шебер, 1990-1997 жылдар аралығында «Үй құрылыс комбинатында» шебер, прораб, учаске бастығы қызметтерін атқарды. 1997-2000 жылдар аралығында М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде инженер-құрылысшы, 2000-2005 жылдары «Астана Сервис ЛТД» ЖШС-де бас инженер, 2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Астана Сервис ЛТД» ЖШС-ң директоры қызметінде еңбек атқарып келеді.
Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
Қызылорда облысы және қала әкімдіктерінің «Құрмет грамоталарымен», Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған. Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының Алғыс хатымен марапатталған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.
VI, VII,VIII шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
«Amanat» партиясының мүшесі.





