Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы

    Депутат

    Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы
    Депутат маслихата

    Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы

    Депутат

    Өмірбаян

    Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы 1969 жылы 6 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

    Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтын «тарих, адам және қоғам пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

    Тарих ғылымдарының кандидаты.

    1992-2012 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде кафедра оқытушысынан доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар қазақ-түрік лицейінің директоры қызметін атқарған.

    2012-2019 жылдар аралығында №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің директоры қызметін атқарған. 2019-2024 жылдар аралығында Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарып келді.
    2024-2025 жылдар аралығында Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп лицейінің директоры болып жұмыс істеді.
    2025 жылдың маусым айынан бастап Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының директоры болып жұмыс істейді.

    Біліктілікті ұдайы арттыру - педагогтың кәсіби қызмет сапасын жетілдіру көрсеткіші. Сондықтан әр жылдары Түркия республикасы Эрзурум қаласындағы Ата Түрік университетінде, Америка Құрама Штаттарының Колумбия университетінде, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеберінде «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша НЗМ біліктілік арттыру курстарын өтті.

    Мектеп басшысы қызметіндегі көрсеткіштерге ҰБТ көрсеткіші бойынша көптеген «Алтын белгі», «Ерекше аттестат» иегерлерінің білім алып, бітіріп шыққанын айтуға болады. 2019 жылының қорытындысы бойынша Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінің ұжымы «Табысты ұжым», 2021 жылы «Үздік мектеп» номинацияларының иегері болды.

    Кәсіби қызметтегі жетісітктері үшін ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қызылорда қаласы әкімінің, Қызылорда облыстық «Нұр Отан» партиясының, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Отбасылы, 3 бала және 2 немере тәрбиелеуде.

    VII, VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

    Қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері