
Нұртазаев Ерлан Бахытұлы
Депутат
Өмірбаян
Нұртазаев Ерлан Бахытұлы 1977 жылы 12 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
1994 жылы Жаңақорған ауданындағы №169 орта мектебін, 1998 жылы «Абай» атындағы Алматы университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Бостандық аудандық бөлімшесінде аға кассир ретінде бастаған.
2000 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалында бухгалтерлік есеп бөлімінде маман, 2002 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Сырдария аудандық басқармасының бастығы, 2003 жылы Жаңақорған аудандық басқармасының бастығы, 2004 жылы Шиелі аудандық басқармасының бастығы, 2006 жылы Карточкалық бизнес бөлімінің бастығы, 2006 жылы Қызылорда облыстық филиал директорының орынбасары, 2012 жылы филиал директоры, 2015 жылы банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
Отбасылы.
VII, VIIІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Қалалық мәслихаттың Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«Amanat» партиясының мүшесі.





