
Нарбаев Еркебұлан Елікбайұлы
Депутат
Өмірбаян
1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құрылыс» мамандығын және Silk Way халықаралық университетінің «экономист» мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімін аяқтаған.
Еңбек өтілін 2009 жылы М.Әуезов атындағы университетте білім жөніндегі студенттік проректор болып бастаған.
2013-2015 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы университет жанындағы жастар орталығының директоры.
2015-2017 жылдар аралығында «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында шағын және орта бизнесті ақпараттық-маркетингтік қолдау секторының басшысы.
2017-2019 жылдар аралығында директоры. «Жастар ресурстық орталығы» КММ
2019-2021 жылдар аралығында директорының орынбасары. «ҚАЗНҰР» жобалық компаниясы
2022 жылдан бастап «Мелиоратор» ЖШС-нің бас директоры болып қызмет атқарып келеді.
Отбасылық жағдайы үйленген.





