Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы

    Депутат

    Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы
    Депутат маслихата

    Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы 1964 жылы 8 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Киров ауылында дүниеге келген.

    1982 жылы №143 қазақ орта мектебін бітірген.

    1982-1983 жылдары Киров совхозында Комсомол Жастар бригадасында жұмыс атқарған.

    1987-1995 жылдары Қызылорда облысында Ет комбинатында қойма меңгерушісі болып жұмыс атқарған.

    1989 жылы Алматы қаласындағы Мал дәрігерлік оқу орнына түсіп, 1996 жылы бітірген. 1997 жылдан бастап «Арман» ЖШС-гін ашып, кәсіпкерлікпен айналысып, өз кәсібін жалғастырып келеді.

    Мейрамбек Кеңесұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін таныту бағытында үнемі белсенділік көрсетіп отырады. 2009-2010 жылы өзінің ұщқан ұясында өзін күрес өнеріне баулыған бапкері, ұстазы Құрымбаев Жұмабай атындағы республикалық дәрежедегі турнирге, жеңімпаздарға арналған жүлделі сыйлықтар мен турнирдің өтілу барысында ерекше көзге түскен палуандарға арналған бағалы сыйлықтарға демеушілік жасаған.

    V, VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

    Қалалық мәслихаттың коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Отбасылы 2 ұл тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері