Әбіләзім Әбдіғабит Әбіләзімұлы

    Депутат

    Әбіләзім Әбдіғабит Әбіләзімұлы
    Депутат маслихата

    Әбіләзім Әбдіғабит Әбіләзімұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы 1964 жылы 24 қазанда Қызылорда облысы, Жанақорған ауданында дүниеге келді.

    1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «педиатр» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қызылорда Қорқыт-Ата атындағы университетін, «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

    Медицина ғылымдарының кандидаты.

    Еңбек жолын 1988 жылы Жанақорған аудандық ауруханасында балалар хирургі қызметінен бастаған.

    1988 -1991 жыл Төменарық ауылдық ауруханада балалар дәрігері, 1991-1997 жылы Шиелі аудандық ауруханасында хирург, емхананың бас дәрігерінің орынбасары, 1997 жылы Қызылорда темір жол ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 1997-1999 жылы Қызылорда Облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары, 1999-2000 жылы Қызылорда қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 2000 - 2004 жылы Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансер бас дәрігері қызметтерін атқарған.

    2004 жылдың мамыр айынан бастап облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері бас дәрігері, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры болып қайта тағайындалды.
    2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облыстық балалар ауруханасы бас дәрігері болып тағайындалды.

    «Құрмет» орденінің иегері.

    2008 жылы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін «Казақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 2016 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, саладағы еңбектері үшін «Алтын дәрігер», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.

    Отбасылы.

    VII, VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

    Қалалық мәслихаттың Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері