Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы

    Депутат

    Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы
    Депутат маслихата

    Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы 1988 жылы 31 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылында дүниеге келген.

    2010 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «құрылысшы», 2014 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

    Техника ғылымдарының магистрі.

    2008-2009 жылдары «Стандарт» жарнама агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарған.

    Қазіргі уақытта «Қызылорда Көркем и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарып келеді.

    Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.

    «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медальдарымен, облыс, қала әкімдерінің «Алғыс хаттарымен», ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», Тұңғыш Президент - Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған. «Жылдың үздік безендірушісі» номинациясының, Республика бойынша «Үздік қалалық мәслихат депутаты» төсбелгісінің иегері.

    VI,VII,VII шақырылымдардағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.

    Қалалық мәслихаттың коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері