
Төлеген Бауыржан Төлегенұлы
Депутат
Өмірбаян
Төлеген Бауыржан Төлегенұлы 13 қаңтар 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2008 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясынан «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы №6 Қызылорда қалалық емханасының жалпы практика дәрігері қызметінен бастады.
2009 жылы Қызылорда қалалық ауруханасының травматология бекетінің дәрігері ретінде қабылданып, 2012 жылдан аталған аурухананың травматологиялық бекетінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2015 жылдан бастап аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап ШЖҚ МКК Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалып, «Көп бейінді қалалық ауруханасының» бас дәрігері қызметін атқарды.
2023 жылдың қараша айынан бастап Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері қызметін атқарады.
Саладағы атқарған еңбегі үшін бірнеше рет «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасының «Алғыс хаттарымен», облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың «Алғыс хатымен», Қызылорда қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы А.Мұхимовтың грамотасымен, «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Ұлттық бизнес рейтинг бойынша «Лидер года» белгісінің иегері. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының «Алғыс хатымен», Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен, «Халық алғысы» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Отбасылы 3 бала тәрбиелеп отыр.
VIII шақырылмдағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты.
Қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«Amanat» партиясының мүшесі.





