Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    8
    Асылов Берік Ноғайұлы
    Қызметкерлер

    Асылов Берік Ноғайұлы

    Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

    Асылов Берік Ноғайұлы, 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО Әуе қорғаныс күштерінің қатарында әскери борышын өтеген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғауға қосқан үлесі үшін: - 1997ж., 2004ж., 2005ж., 2007ж., 2011ж., 2013ж., 2017ж. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алғыстары мен Құрмет грамоталарымен; - 2015 жылы Ресей Федерациясы Бас Прокурорының грамотасымен; - 2014 жылы І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрметті қызметкері, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісі табыс етілген. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен мемлекеттік наградалармен – 2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2011 жылы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және 2017 жылы І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған, осы орденнің толық кавалері болып табылады. 2026 жылы І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 30 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Астана 20 жыл», «20 лет КСГП СНГ», «25 лет КСГП СНГ», «30 лет КСГП СНГ», , «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен және «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен және «Құрметті заңгер» төсбелгісімен марапатталған. Борышын үлгілі атқарғаны үшін Ішкі істер министрінің, Қорғаныс министрінің, ҰҚК Төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының ведомстволық медальдарымен бірнеше рет марапатталған. Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

    Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы
    Қызметкерлер

    Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары

    Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев 1978 жылы 9 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2013ж.), II дәрежелі «Айбын» орденімен (2021ж.) және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен (2026ж.) марапатталған. Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.

    Шындалиев Әсет Қазақбайұлы
    Қызметкерлер

    Шындалиев Әсет Қазақбайұлы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

    Шындалиев Әсет Қазақбайұлы 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 3-сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы
    Қызметкерлер

    Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

    Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

    Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы
    Қызметкерлер

    Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

    Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы 1978 жылы 3 маусымда Торғай облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. «Құрмет» орденімен марапатталған (2023ж.) Үйленген, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

    Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы
    Қызметкерлер

    Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

    (19 тамыз 1979 жыл, Арқалық) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, 18.10.2025 жылдан бастап Бас Прокурордың орынбасары. 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

    Өтегенов Ерлан Рақымжанұлы
    Қызметкерлер

    Өтегенов Ерлан Рақымжанұлы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

    Өтегенов Ерлан Рақымжанұлы 1976 жылы 6 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған. Сыныптық шені – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері. Үйленген, 6 бала тәрбиелеп отыр.

    Департаменты

    7
    Әнуар Аида Қылышқожақызы
    Қызметкерлер

    Әнуар Аида Қылышқожақызы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы

    Әнуар Аида Қылышқожақызы 1974 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені — аға әділет кеңесшісі. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен наградталған.

    Құсайынов Жарқын Қуанышұлы
    Қызметкерлер

    Құсайынов Жарқын Қуанышұлы

    Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы

    Құсайынов Жарқын Қуанышұлы 1976 жылы 27 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

    Испанов Ілияс Сапарбекұлы
    Қызметкерлер

    Испанов Ілияс Сапарбекұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаментінің директоры

    Ілияс Сапарбекұлы Испанов 1976 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденімен, «ҚР прокуратура органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.

    Маутова Альбина Тасболатқызы
    Қызметкерлер

    Маутова Альбина Тасболатқызы

    Нормашығармашылық қызметін үйлестіру департаментінің бастығы

    Маутова Альбина Тасболатқызы 1976 жылы 17 сәуірде Қостанай облысында дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетті «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Аға әділет кеңесшісі сыныптық шенге ие. Прокуратура органдарының құрметті қызметкері. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

    Төлеуов Сәкен Сержанұлы
    Қызметкерлер

    Төлеуов Сәкен Сержанұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаментінің бастығы

    Сәкен Сержанұлы Төлеуов 1978 жылы 14 мамырда Абай облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Аға әділет кеңесшісі дәрежесіне ие, Прокуратураның құрметті қызметкері (2022 ж.). ҚР Президентінің Алғысымен көтермеленген (2024 ж.), «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен (2020 ж.) және Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" (2026 ж.) орденімен наградталған.

    Шабер Виталий Николаевич
    Қызметкерлер

    Шабер Виталий Николаевич

    Қазақстан Республиксы Бас прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы

    Шабер Виталий Николаевич 1978 жылы 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Аға әділет кеңесшісі.

    Нұрбеков Әлжан Әбдірахманұлы
    Қызметкерлер

    Нұрбеков Әлжан Әбдірахманұлы

    ҚР Бас прокуратурасының Стратегиялық даму департаментінің бастығы

    Нұрбеков Әлжан Әбдірахманұлы 1978 жылы 21 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

    Академии

    1
    Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы
    Қызметкерлер

    Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы

    Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры

    — 1991 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған — заң ғылымдарының кандидаты, (PhD) философия докторы — ІІ дәрежелі «Даңқ», ІІ дәрежелі «Айбын» ордендері — «Ерен еңбегі үшін» медалі — «Прокуратура органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісі — 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі

    Службы ГП

    4
    Ақылбеков Дәулет Ертайұлы
    Қызметкерлер

    Ақылбеков Дәулет Ертайұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы

    Ақылбеков Дәулет Ертайұлы 15.07.1976 жылы Талдықорған облысы, Крупское ауылында дүниеге келген. Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетін, ҚР ІІМ Алматы облысының ІІБ жанындағы біліктілікті арттыру мектебін, РФ РХШжМҚА бітірген, ұлттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл магистрі. Сыныптық шені: аға әділет кеңесшісі. 2 дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

    Ахметов Мұрат Жамбылұлы
    Қызметкерлер

    Ахметов Мұрат Жамбылұлы

    Бас прокуратураның Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы

    Ахметов Мұрат Жамбылұлы – 1967 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты (2000 ж.). ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

    Тұрышов Айбек Шампанұлы
    Қызметкерлер

    Тұрышов Айбек Шампанұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы

    Тұрышов Айбек Шампанұлы, 1982 жылы 1 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін (заң факультеті), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын (сыртқы саяси қызмет, магистратура) және Алматы Экономика және статистика академиясын (қаржы бакалавры) бітірген. Сыныптық шені - аға әділет кеңесшісі. «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен, I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен және «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

    Нұрахметов Айбек Асқарұлы
    Қызметкерлер

    Нұрахметов Айбек Асқарұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы лауазымына Әйбек Асқарұлы Нұрахметов тағайындалды.

    Управления

    4
    Беготаев Николай Иванович
    Қызметкерлер

    Беготаев Николай Иванович

    Бас прокуратураның Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бастығы

    Николай Иванович Беготаев, 1969 жылы 1 мамырда туған, РФ Новосібір облысының тумасы, казақ, 1987 жылдың мамырынан 1989 жылдың мамырына дейін Совет Әскері құрамында болған. Білімі жоғары (ҚарМУ, біліктілігі заңгер).

    Спан Ердәулет Ақжолұлы
    Қызметкерлер

    Спан Ердәулет Ақжолұлы

    Бас прокуратураның Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы

    Спан Ердәулет Ақжолұлы 1983 жылы 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Орал мемлекеттік заң университетін «Прокурорлық қызмет» мамандығы бойынша бітірген. Аға әділет кеңесшісінің сыныптық шені бар.

    Изимов Мэлсбек Омарұлы
    Қызметкерлер

    Изимов Мэлсбек Омарұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басқарма басшысы

    Изимов Мэлсбек Омарұлы 1976 жылы 15 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Орталық-Азия университетін юриспруденция мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2020ж.) Үйленген, екі ұлы бар.

    Әбдіғалиев Қуат Батыржанұлы
    Қызметкерлер

    Әбдіғалиев Қуат Батыржанұлы

    Бас прокуратурасы Ішкі аудит басқармасының басшысы

    Әбдіғалиев Қуат Батыржанұлы 1986 жылы 22 мамырда Абай облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақстан экономикалық университетін (НарХоз) "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша және Қазақ мемлекеттік заң университетін "Кұқықтану" мамандығы бойынша бітірген. "Қазақстан прокуратурасына 30 жыл" медалімен, "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісімен марапатталған.

    Басқа қызметкерлер

    3
    Шәріпов Асхат Файзуллаұлы
    Қызметкерлер

    Шәріпов Асхат Файзуллаұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы

    Шәріпов Асхат Файзуллаұлы, 1981 жылғы 4 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының магистратурасын бітірген. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі. Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Халықаралық ынтыақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін», I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен, «Прокуратура үздігі» және «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған. Үйленген, бір ұл тәрбиелеп отыр.

    Сүйіндіков Нұрдәулет Мықтыбекұлы
    Қызметкерлер

    Сүйіндіков Нұрдәулет Мықтыбекұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының активтерін қайтару қызметінің бастығы

    Сүйіндіков Нұрдәулет Мықтыбекұлы, 1980 жылы 26 маусымда қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2018-2020 жылдары Мәскеу қаржылық-өнеркәсіптік «Синергия» университетінде «МВА – «Стратегиялық менеджмент» бағдарламасы бойынша білім алып, «Іскерлік басқару шебері» біліктілігіне ие болды. Ресей халықтар достығы университетінің қосымша кәсіптік білім курсын меңгеріп, 2021 жылы мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы біліктілігі туралы диплом алды. 2022 жылы «Халықаралық құқық саласындағы заңгер» профилі бойынша В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің құқықтану магистрі дәрежесі берілді. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі сыныптық шені берілген. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, мінсіз қызметі және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін: - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алғыстары мен құнды сыйлықтарымен; - «1-ші дәрежелі Прокуратура үздігі» төсбелгісімен; - ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіндегі қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық медальдарымен және марапаттарымен бірнеше рет атап өтілген. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.