Спан Ердәулет Ақжолұлы

    Бас прокуратураның Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы

    Спан Ердәулет Ақжолұлы
    Начальник

    Спан Ердәулет Ақжолұлы

    Бас прокуратураның Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы

    Өмірбаян

    Спан Ердәулет Ақжолұлы 1983 жылы 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Орал мемлекеттік заң университетін «Прокурорлық қызмет» мамандығы бойынша бітірген.

    Аға әділет кеңесшісінің сыныптық шені бар.

    Прокуратура органдарында 2010 жылы Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Басқармасының прокуроры қызметінен бастады.

    Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кадр жұмысы, ішкі қауіпсіздік және жұмылдыру жұмыстары бөлімдерінде әр түрлі лауазымдарды атқарды.

    2017-2022 жылдар аралығында Аналитикалық жұмыс және құқықтық реттеу басқармасының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі тобының прокуроры, Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің прокуроры, Комитеттің ақпараттандыру, цифрландыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің прокуроры болды.

    2022 жылдан 2023 жылға дейін Ұлытау облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі қызметін атқарды.

    2023 жылдың қазан айынан бастап Бас прокуратураның Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері