
Ахметов Мұрат Жамбылұлы
Бас прокуратураның Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы
Өмірбаян
Ахметов Мұрат Жамбылұлы – 1967 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірді.
Заң ғылымдарының кандидаты (2000 ж.).
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1991 жылы шілдеде Павлодар қаласы Ильичев ауданы прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі болып бастады.
1993-1996 жылдары-Павлодар облысы прокуратурасының аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі тергеушісі, аға тергеушісі.
1997-1998 жылдары-Павлодар облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімі бастығының орынбасары.
1998 жылдың қаңтарынан бастап Павлодар қаласы Индустриялық ауданының прокуроры.
1999 жылдың мамырынан 2003 жылдың маусымына дейін Павлодар қаласының прокуроры.
2003-2005 жылдары Павлодар облысы прокурорының орынбасары.
2005 жылдың сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментін басқарды.
2007-2009 жылдары Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
2009 жылдың мамырынан 2012 жылдың маусымына дейін Қарағанды облысының прокуроры.
2012-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.
2014 жылдың қарашасынан 2016 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.
2016-2019 жылдары Астана қаласы КАЗГЮУ Университеті ректорының кеңесшісі.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 4-департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылдың сәуірінен 2021 жылғы тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік басқару, аймақтық бақылау және әдістемелік жұмыс саласындағы істерді тергеу жөніндегі 1 Департаментінің басшысы.
2021 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментін басқарды.
2022 жылдың мамыр-тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 қызметінің басшысы болды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің (2-Қызмет) бастығы болып тағайындалды.


