
Сүйіндіков Нұрдәулет Мықтыбекұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының активтерін қайтару қызметінің бастығы
Өмірбаян
Сүйіндіков Нұрдәулет Мықтыбекұлы, 1980 жылы 26 маусымда қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген.
Орта мектепті бітіргеннен кейін, 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2018-2020 жылдары Мәскеу қаржылық-өнеркәсіптік «Синергия» университетінде «МВА – «Стратегиялық менеджмент» бағдарламасы бойынша білім алып, «Іскерлік басқару шебері» біліктілігіне ие болды.
Ресей халықтар достығы университетінің қосымша кәсіптік білім курсын меңгеріп, 2021 жылы мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы біліктілігі туралы диплом алды.
2022 жылы «Халықаралық құқық саласындағы заңгер» профилі бойынша В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің құқықтану магистрі дәрежесі берілді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі сыныптық шені берілген.
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, мінсіз қызметі және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін:
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алғыстары мен құнды сыйлықтарымен;
- «1-ші дәрежелі Прокуратура үздігі» төсбелгісімен;
- ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіндегі қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық медальдарымен және марапаттарымен бірнеше рет атап өтілген.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қалалық прокуратурасында құқықтық статистика және ақпарат маманы қызметінен бастаған. «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникациялар дирекциясында заңгер болып жұмыс істеген.
2001 және 2005 жылдар кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент қалалық прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.
2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаментінің қаржы-несие саласында заңдардың қолданылуына қадағалау бөлімінің аға прокуроры, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың қолданылуына қадағалау бөлімінің бастығы, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі-Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінің Хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаменті басқармасының бастығы, Департамент бастығының орынбасары.
2016-2018 жылдары Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда, 2020 жылдан Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің кеңесшісі болды.
2009-2010 жылдары, сондай-ақ 2011-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ресми өкілі фунцияларын атқарды.
07.06.2022-13.01.2023жж ҚР Бас прокуратурасының стратегиялық даму департаментінің бастығы.
13.01.2023-21.10.2023жж-ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы.
21.10.2023 - 05.02.2026 жж - ҚР Бас прокуратурасының Активтерін қайтару комитетінің төрағасы.
05.02.2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Бас прокуратурасының активтерін қайтару қызметінің бастығы.
