
Шәріпов Асхат Файзуллаұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы
Өмірбаян
Шәріпов Асхат Файзуллаұлы, 1981 жылғы 4 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының магистратурасын бітірген.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Халықаралық ынтыақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін», I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен, «Прокуратура үздігі» және «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.
Үйленген, бір ұл тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысы Шортанды ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.
2004 жылғы ақпаннан – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Орталық көлік аумағы бойынша басқарма аға прокуроры.
2005 жылғы ақпаннан – Солтүстік Қазақстан көлік прокурорының аға көмекшісі.
2006 жылғы ақпаннан – Орталық аумақтық көлік прокурорының Сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және атқарушылық іс жүргізу жөніндегі көмекшісі, аға көмекшісі.
2009 жылғы қыркүйектен – Орталық аумақтық көлік прокуратурасының Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және соттағы мемлекет мүдделерін қорғау басқармасының бастығы.
2010 жылғы ақпаннан – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Сотта мемлекет мүдделерін қорғау департаментінің аға прокуроры.
2011 жылғы маусымнан – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментіндегі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі.
2012 жылғы желтоқсаннан – Бас көлік прокуратурасының Алматы қаласының авиациялық көлік прокуроры.
2015 жылғы қазаннан – Алматы қаласының Түрксіб ауданының прокуроры.
2018 жылғы сәуірден – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының прокуроры.
2019 жылғы қыркүйектен – Алматы қаласы прокурорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі аға көмекшісі.
2022 жылғы сәуірден –Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеу басқармасының бастығы.
2024 жылғы сәуірден – Алматы қаласы прокурорының орынбасары.
2026 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
