
Ақылбеков Дәулет Ертайұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы
Өмірбаян
Ақылбеков Дәулет Ертайұлы 15.07.1976 жылы Талдықорған облысы, Крупское ауылында дүниеге келген. Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетін, ҚР ІІМ Алматы облысының ІІБ жанындағы біліктілікті арттыру мектебін, РФ РХШжМҚА бітірген, ұлттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл магистрі.
Сыныптық шені: аға әділет кеңесшісі.
2 дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
Еңбек жолын Қапшағай гарнизоны бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасының тергеушісі болып бастаған. Қатарынан аса маңызды істер бойынша аға тергеуші, Қапшағай гарнизоны бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды.
2007-2008 жылдар аралығында Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі аға тергеушісі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу жөніндегі аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі лауазымдарын атқарды.
2009-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу бойынша 1 басқармасының бастығы.
2010 жылы Қарағанды облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары.
2010-2011 жылдары Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу басқармасы бастығының орынбасары.
2011-2014 жылдары Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу басқармасының бастығы.
2014-2015 жылдары Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес басқармасының басшысы.
2015-2019 жылдары ҚР ҚМ МКК Алматы және Атырау облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2019-2020 жылдары Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.
2020-2021 жылдары ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.
2021 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.
2022-2024 жылдары ҚР Бас прокуратурасының 1-Қызмет бастығының орынбасары.
2024-2026 жылдары ҚР Бас прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы.
2026 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ҚР Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.


