Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары

    Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы
    Первый заместитель Генерального прокурора

    Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев 1978 жылы 9 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген.

    Білімі жоғары, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

    2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

    «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2013ж.), II дәрежелі «Айбын» орденімен (2021ж.) және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен (2026ж.) марапатталған.

    Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

    2004-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратура басқармасының прокуроры және аға прокуроры қызметтерін атқарды.

    2005-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының прокуратураларында және Батыс өңірлік көлік прокуратурасында басқарма бастығының орынбасары және басқарма бастығы лауазымдарын атқарды.

    2010 жылдан 2011 жылға дейін Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы болды.

    2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

    2017-2018 жылдары Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары және Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.

    2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарған.

    2022-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымында еңбек етті.

    2025 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері