
Мұхаметжанов Алмаз Оралұлы
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының басшысы
Өмірбаян
1994 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
1994 жылдың 1 наурызынан бастап прокуратура органдарына қызметке қабылданды.
Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісінің м.а., Қарағанды қаласы Совет ауданы прокуратурасының тергеушісі, Қарағанды қаласы Ленин ауданы прокурорының аға көмекшісі, Қарағанды облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саланы қадағалау бөлімінің прокуроры қызметтерін атқарды.
1998 жылдан бастап ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді, кейіннен Бас прокуратураның тергеу және анықтауды қадағалау департаментінің, басқарма бөлімінің аға прокуроры, прокурор лауазымдарын атқарды.
1998 жылдың желтоқсан айынан бастап дәйекті түрде Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (департаментінің) бөлім бастықтары, басқарма бастығының орынбасары, статистика қалыптастыру басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша Құқықтық статистика және ақпарат орталығының бастығы лауазымдарын атқарды.
2003 жылдан 2006 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2006 жылғы қарашадан 2009 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының норма шығармашылық қызмет саласындағы қадағалау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің бастығы лауазымдарын ретімен атқарды.
2009 жылдың сәуірінен 2012 жылдың ақпанына дейін ҚР Әділет министрлігінің НҚА тіркеу департаментінің директоры болды.
2012 жылғы ақпаннан бастап ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеді, 2012 жылғы қазаннан бастап норма шығару қызметін үйлестіру басқармасының бастығы болды, 2020 жылдан бастап ҚР Бас прокуратурасының жаңадан құрылған норма шығару қызметін үйлестіру департаментінің бастығы лауазымына қайта тағайындалды.
2024 жылғы 5 қаңтардан бастап Бас Прокурор Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.





