Құрылым — Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті

    Комитеттің міндеттері: 1) инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асыру; 2) инвесторлардың құқықтарын қорғау, бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу; 3) инвесторлардың құқықтарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою; 4) инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылық ету және салааралық үйлестіру; 5) инвесторлар қатысатын дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыру; 6) Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және осы Ережеде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Комитеттің функциялары мен құзыреті Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 Жарлығымен бекітілген Ережеде белгіленген.

    kzpi
    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

    Комитет - бұл Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы жазбаларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асырады. Құқықтық статистика қалыптастыру, осы салада арнайы есепке алу мен бақылау және қадағалау функцияларын үйлестіру мемлекетке қылмыстық жағдайдың жай-күйі туралы және қылмыстық қудалау органдары мен соттың қылмыстық іс жүргізуінің сандық және сапалық көрсеткіштері, мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ең сенімді ақпаратпен жүйелі түрде қамтамасыз етудің мемлекеттік шарасы болып табылады. Кәсіпкерлікті қорғау және қолдау, сондай-ақ оларды әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы күресті, құқықтық статистика және арнайы есепті тұтастай жаңа деңгейге шығарды.

    pravstat