Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті
Комитеттің міндеттері:
1) инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асыру;
2) инвесторлардың құқықтарын қорғау, бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу;
3) инвесторлардың құқықтарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;
4) инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылық ету және салааралық үйлестіру;
5) инвесторлар қатысатын дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыру;
6) Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және осы Ережеде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Комитеттің функциялары мен құзыреті Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 Жарлығымен бекітілген Ережеде белгіленген.
Жаңалықтар
Инвестордың қызметіне араласуға әрекет жасаған басқарма басшысы жауапкершілікке тартылды
АшуИнвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы облысындағы металлургиялық жобаны іске асыру мәселелерін қарады
АшуЖел энергетикасы, металлургия және жаңа өндірістер: Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысындағы жобалармен танысты
Ашу