Астана прокуратурасы ірі инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «Orbis Heavy Machinery» ЖШС-ның құқықғын қорғады. Компания JCB, Hino және Valtra арнайы техникасын құрастыратын зауыт салады.
Жобаға салынатын инвестиция көлемі – 1,3 трлн теңге.
Инвестор «Astana» ӘКК» АҚ алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында сатып алған өндірістік ғимаратын кепілге берген. Қаржылық міндеттемелерін мерзімінен бұрын толық орындағанына қарамастан, жылжымайтын мүліктегі ауыртпалық уақытылы алынбаған.
Сақталған кепіл екінші кезектегі жобаны іске асыру үшін қажетті банктік қаржыландыруды тартуға кедергі келтіріп, зауыт құрылысының одан әрі жалғасуына қауіп төндірген.
Инвестордың құқығын қорғау мақсатында елорда прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізді. Нәтижесінде прокуратураның талаптары толық орындалып, инвестордың жылжымайтын мүлкіндегі ауыртпалық төрт жұмыс күні ішінде алынды.
Бұл инвесторға қарыз қаражатын тартуды жалғастырып, зауыт құрылысының екінші кезегін іске асыруға кірісуге мүмкіндік берді.
Еске саламыз, кәсіпкерлер мен инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында прокуратураның мобильді тобы жұмыс істейді. Байланыс деректері: 8-747-216-15-58 және 115 Call-орталығы.








